» » "Жас құтқарушылар" сайысы

"Жас құтқарушылар" сайысы

Аудандық білім бөлімі жəне Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен кент орталығындағы №121, 250, 26, 105, 30 орта мектептері арасында "Жас құтқарушы" сайысы болып өтті.
Сайыстың мақсаты, жас құтқарушылар арасында бұқаралық құтқарушылар жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеу, құтқарушы тəсілдері арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалар мен жастарды қолданбалы спорт түрімен шұғылдануға тарту, жасөспірімдерді əскери-патриоттық негізге тəрбиелеу. Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау капитаны С.Əбжаева, №5 өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі Б.Жұмабаев, аға өрт сөндіруші Ғ.Жүнісов жəне аудандық оқушылар үйінің əдіскері А.Əбдіреева төрелік етті.
Қазылар алқасы шешімімен І орынды №121 орта мектептің "Қыран" тобы, ІІ орынды №250 мектеп-лицейінің "Құтқарушылар" тобы, ІІІ орынды "Жас қыран" топтары иеленді. Сонымен қатар, №26 мектебінің "Еңбек" тобы жəне №30 орта мектептің "Жас ұлан" топтары алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ №250 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Қоңырбай Арайлым мен №26 орта мектебінің 8 сынып оқушысы С.Бекмырзақызы арнайы <<Алғыс хатпен>> марапатталды.
18 наурыз 2019 ж. 3 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 735
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 182

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31