» » Қармақшыда жас құтқарушылар кадет сыныбы ашылды

Қармақшыда жас құтқарушылар кадет сыныбы ашылды

Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін нығайту, ойлау қабілеттері мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыру - кадет сыныбын ашу мақсатының бір бөлігі.

Осы орайда бүгін Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Төретам кентіндегі №85 мектепте Жас өрт сөндірушілер кадет сыныбының ашылу салтанаты өтті.

Кадет сыныбын Қармақшы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Сақтабаев Өмірбек Жаңабайұлы мен Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүлзира Мәжитқызы ашып, оқушыларға кадет сыныбының ашудағы мақсат-міндеттері түсіндірілді.

Кадет сыныбының оқу бағдарламасына негізінен әскери-медициналық дайындық, өртке қарсы қолөнер, сап дайындығына қатысты сабақтары енгізіледі. Сөйтіп, оқушылар тиісті теориялық және физикалық дайындықтан өтіп, мамандық таңдауда өздеріне тірек болатын қарым-қабілеттерін дамытады. Осы балалардың көпшілігі өз өмірін құтқару қызметімен байланыстыруы да мүмкін. Бұл негізгі оқу процесіне кедергі келтірілмейді, қайта керісінше оны толықтырады десек болады. Жалпы мұндай сыныптардың жұмысы оқушыларды азаматтық-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге елеулі үлес қосады - деді білім бөлімі басшысы Гүлзира Мәжитқызы.

Сонымен қатар шара барысында оқушыларға Жас өрт сөндірушілер куәлігі табысталып, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен білім беретін ұйымның басшысы арасында арнайы меморандумға қол қойылды.

Сендер жай ғана оқушы емессіңдер. Енді сендер кадетсіңдер, бүгін қолдарыңа соны растайтын куәлік алып отырсыңдар. Форма киіп, ант беру сендерге белгілі бір жауапкершілік жүктейді. Сендер кадет сыныбының, жалпы өз мектептеріңнің абырой-беделін әрдайым биіктен көрсететіндеріңе сенемін - деді Өмірбек Жаңабайұлы


21 мамыр 2024 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10323)

23 шілде 2024 ж.

№57 (10322)

20 шілде 2024 ж.

№56 (10321)

16 шілде 2024 ж.

Оқиғалар

Көк тәбішке

Көк тәбішке

12 шілде 2024 ж.

Сұхбат

Әйел алмайтын асу жоқ
16 шілде 2024 ж. 148

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031