» » «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы өнер мен дебаттың маңызы»

«Жеке тұлғаны қалыптастырудағы өнер мен дебаттың маңызы»

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастырумен Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі базасында "Жеке тұлғаны қалыптастырудағы өнер мен дебаттың маңызы" атты облыстық семинар өтті.
Облыстық семинарға Аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүлзира Мәжитқызы, "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының бөлім басшысы Иманзадаева Гүлбану Күзенбайқызы және облыстан, әр ауданнан дебатқа түсетін оқушылар қатысты.
Семинар қатысушыларына ең алдымен ауданның домбыра үйірмесі өнерін көрсетіп, білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүлзира Мәжитқызы сөз алып, ауданымызда осы кезге дейін түрлі деңгейде оқушылар арасында дебат сайыстары ұйымдастырылып, шәкірттеріміз облыстық, республикалық деңгейлердегі бәсекелерде үздік атанғанын айтып, дебат сайысына қатысатын оқушыларға ізгі тілегін білдіріп, ұшқыр ой алаңында жеңіске жетулеріне сәттілік тіледі.
Осы тұрғыда бұл жұмыстарды одан әрі жаңғырту үшін "Өрнек" өнер орталығы жаңадан ашылып, салтанатты шараның лентасын білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүлзира Мәжитқызы және "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының бөлім басшысы Иманзадаева Гүлбану Күзенбайқызы кесіп, жылы лебіздерін білдірді. Қонақтарға балалар жылына орай жасалынған оқушылардың көрмесінен таныстырылым жасады.
Мұнан соң, «Мектеп театры» жобасы бойынша құралған «Қуыршақ» театры «Жеті лақ» қойылымын қойып, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

16 желтоқсан 2022 ж. 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 356
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930