» » ЕРЛІК РУХЫНА ТАҒЫЗЫМ

ЕРЛІК РУХЫНА ТАҒЫЗЫМ

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында О.Шораяқов атындағы №30 мектепте қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан полиция капитаны Әбішев Кеңесбектың құрметіне арналған «Жас сақшы» сыныбының ашылу рәсімі өтті.

Өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және «Заң және Тәртіп» қағидаттарын дәріптеу мақсатындағы тағылымды салтанатты іс шараға Әбішев Кеңесбек Махметқанұлының жары Жарылқағанова Кенжетай Ақымбекқызы және оның достары Сырымбетов Еділбай Өрікбайұлы, Есжанов Асланбек Ешмаханұлы, Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы, Қызылорда облысының Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы,Қызылорда облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Шарипова Аида Сабитқызы, Қызылорда облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Нұрғалиев Бақдаулет,аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы, Қармақшы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әліп Қазыбек Рахымжанұлы,Қарамақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Жанибеков Берік Съездұлы қатысты.

Құттықтау сөзінде қатысушылар жас буынның ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға үлес қосатын лайықты азамат болып қалыптасатынына сенім білдіріп, «Жас сақшы» сыныбының мақсат-міндеттеріне тоқталды. Рәсім барысында жас сақшылар салтанатты түрде ант қабылдап, оларға арнайы куәліктер табысталды.

Шара барысында қызметтік міндетін атқару кезінде жұлдызы ерте сөнген Кеңесбек Әбішевтің өмір жолы мен ерліктері туралы деректер айтылып, көпшілікке оның халқына адал қызмет еткен адал азамат екені тағы да еске салынды.
Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара жас сақшылардың төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырып, алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігі және құқықтық тәртіп негіздеріне баулуды көздейді.

Салтанатты шара соңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің арнайы жасақ қызметкерлері жауынгерлік дайындық тәсілдерін көрсетіп, жас өрендер өз өнерлерін ұсынды.

15 желтоқсан 2025 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031