» » Ұлы жеңістің 78 жылдығына орай салтанатты шара өтті

Ұлы жеңістің 78 жылдығына орай салтанатты шара өтті

Бүгін Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай қаладағы Тағзым алаңында Ұлы Отан соғысында шейіт болған боздақтарды еске алуға арналған шара өтті. Салтанатты шарада Отан үшін ерлік танытқан жауынгерлердің құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланып, ”Мәңгілік алауға” гүл шоқтарын қою рәсімі орындалды.

Сондай-ақ, Ауған соғысы, Семей, Чернобыль, Тәжік-Ауған ардагерлері, ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, ҚР Қорғаныс Министрлігі 66597 әскери бөлімі, Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті, ҚР Ішкі істер министрлігінің Қызылорда облыстық полиция департаменті, Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған Күзет қызметі басқармасы, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық Атқару жүйесі департаменті, ҚР Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімі, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университетінің әскери кафедрасы, «Жас сарбаз», «Жас ұлан» ұйымы және қала тұрғындары гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Бейбіт күн үшін кеудесін оққа тосқан жаужүрек жауынгерлердің ерекше батылдығы ешқашан жадымыздан ұмытылмайды.
Жалпы облыста 6 Ұлы Отан соғысының ардагері мен 2408 тыл еңбеккері бар.
@Өңірлік коммуникациялар қызметі

09 мамыр 2023 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 594
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031