» » Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен бөлім қызметкерлерінің ата-аналарымен кездесу өтті

Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен бөлім қызметкерлерінің ата-аналарымен кездесу өтті

qarmaqshy-tany.kz Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Утегенов Амиржан Сермаханұлы Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен бөлім қызметкерлерінің ата-аналарымен кездесу өткізді.
Полиция полковнигі А.Утегенов ата-аналармен кездесу барысында Ішкі істер органдары қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй алу үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек пен басқа да жеңілдіктер жайлы айтып түсіндірді. Сонымен қатар, қызметкерлердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтардың құқықтарының бұзылмауы мен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерге бармауына ата-аналарының ықпалы зор екенін атап өтті. Жауапкершілігі зор міндетті атқару кезінде Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің барынша ұстамды болып, заң шеңберінде шешім қабылдау қажеттігі де айтылды.
Жиын соңында полиция полковнигі А.Утегенов ата-аналардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Қызметкерлердің ата-аналары полиция қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан жеңілдіктер мен осындай пайдалы басқосуға ризашылықтарын білдірді.
29 наурыз 2023 ж. 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 035
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031