Полиция бөлімі кәсіби төл мерекелерін атап өтті

Қармақшы ауданы Полиция бөлімінде «23-маусым Полиция күні» мерекесіне орай іс-шара болып өтті.
Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізген полиция қызметкерлерін марапаттады.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бұйрығымен 1 қызметкер марапатталып, «Қазақстан полициясына 30 жыл» омыраулық төс белгісімен 7 қызметкер наградталса, Қызылорда облысы Полиция департаментінің бұйрығымен 4 қызметкер, бөлім бастығының бұйрығымен 8 қызметкер марапатталды.

Сонымен қатар сала ардагерлері Ермұратов Мирамбек Әбдібекұлы «Қазақстан полициясына 30 жыл» омыраулық төс белгісімен наградталса, 4 ардагер Қызылорда облысы Полиция департаментінің грамоталарымен марапатталды.
Ардагерлер өз кезегінде полиция қызметкерлерінің еңбектеріне толағай табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеп, өз ризашылықтарын білдірді.
Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің Кадр саясаты тобы.