» » Жас самбошылардан жарқын нәтиже

Жас самбошылардан жарқын нәтиже




Самбо күресінен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында аудан спортшылары табысты өнер көрсетіп, ел мерейін үстем етті. Байрақты бәсекеде 79 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерасыл Сәбитов пен Ислам Қасымов қола медаль иеленіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік балуандар бас қосқан бұл чемпионат жас спортшылар үшін үлкен сын алаңы болды. Әр белдесу жоғары қарқын мен тартысқа толы өтіп, қатысушылардың техникалық шеберлігі мен тактикалық дайындығы айқын байқалды. Осындай бәсекеде аудан намысын қорғаған Ерасыл мен Ислам табандылық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, жүлделі үшінші орынға қол жеткізді.
Бұл жетістік – спортшылардың тынымсыз жаттығуы мен бапкерлердің жүйелі еңбегінің нақты нәтижесі. Жас балуандарды жарысқа жоғары деңгейде дайындаған жаттықтырушылар Бақберген, Қуаныш Тәтімбетовтердің еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. Олар шәкірттерінің шеберлігін шыңдап, үлкен додада лайықты өнер көрсетуіне бар күш-жігерін жұмсады.
Аудан спортшыларының бұл жетістігі – өңір спортының дамып келе жатқандығының айқын дәлелі. Жүлдегерлер мен олардың бапкерлерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен биік белестер бағындыруларына тілектестік білдіреміз.
05 мамыр 2026 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 841
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930