Құрылтай
» » Ұлы дала мұрасы – заманауи инновацияда

Ұлы дала мұрасы – заманауи инновацияда



Аудандық оқушылар үйінде педагогтер арасында «Ұлы дала мұрасы – заманауи инновацияда» тақырыбында аудандық байқауы өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды заманауи технологиялармен ұштастыру арқылы педагогтердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамыту.
Байқауға кент мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының ұстаздары белсене қатысып, өзара тәжірибе алмасуға, тың идеялар ұсынуға мүмкіндік алды. Шара барысында қатысушылар үш бағыт бойынша бақ сынады.
Алғашқы бағыт – «Дәстүрден – дизайнға: Ұлы дала шеберлігі» атты қолөнер сайысы болды. Бұл кезеңде педагогтер ұлттық қолөнер бұйымдарын заманауи дизайнмен үйлестіріп, ата-баба мұрасын жаңаша қырынан көрсете білді.
Екінші бағыт – «Ұлы дала: технология және дәстүр» робототехника сайысында қатысушылар өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды. Мұнда робот жобалары мен STEM бағытындағы тың шешімдер көрермендер мен қазылар алқасының ерекше қызығушылығын тудырды.
Үшінші бағыт – «Цифрлық мұра: жасанды интеллект және ұлы дала» кезеңінде қатысушылар жасанды интеллект негізіндегі жобаларын таныстырды. Түрлі қосымшалар, чат-боттар мен цифрлық модельдер арқылы ұлттық мұраны цифрлық форматта сақтау және насихаттау жолдары ұсынылды.
Байқау соңында қатысушылардың жұмыстары жан-жақты бағаланып, жеңімпаздар білім бөлімінің арнайы дипломдарымен, алғыс хаттарымен және «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қармақшы аудандық филиалының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
03 мамыр 2026 ж. 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31