» » SMART-ПЕДАГОГ: КӘСІБИ ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ

SMART-ПЕДАГОГ: КӘСІБИ ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ

Аудандық Оқушылар үйінде өтіп жатқан «SMART – педагог: кәсіби табысқа апарар жол» атты әдістемелік апталық өз жалғасын тапты. Оның аясында ұйымдастырылған кезекті мазмұнды іс-шараның тақырыбы «Үздіктен үйрен» шығармашылық алаңы деп аталды. Бұл ісшара жаңашылдыққа бет бұрған, тәжірибесімен бөлісуге ниетті кәсіби мамандардың басын біріктіріп, педагогтердің кәсіби дамуына тың серпін беруді мақсат етті. Сондай-ақ білім беру саласында жаңаша ойлайтын, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтердің үздік тәжірибелерін кеңінен насихаттау, әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсету және әріптестік ынтымақтастықты нығайту арқылы кәсіби шеберлікті арттыру болып табылды.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтердің тәжірибесімен бөлісу алаңына әр өңірден келген білікті мамандар қатысып, өздерінің авторлық әдістемелік тұжырымдамаларын, тиімді тәсілдерін және педагогикалық шеберліктерін ортаға салды. Атап айтқанда, №80 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Серік Ұзақбайұлы «Шебер ұстаз – табысты оқушы» тақырыбында баяндама жасап, оқушының білімін шыңдауда мұғалімнің шеберлігі мен әдістемелік дайындығының маңызын атап өтті. Заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану арқылы оқушының табысты болуына жағдай жасау жолдарына тоқталды. Қазалы ауданының Оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогі Жанаркүл Жүрсінәліқызы «Қосымша білім беру ұйымындағы үйірме жұмысын STEAM әдісімен жүргізу» тақырыбындағы баяндамасында STEAM әдісінің қосымша білім берудегі маңызын ашып, шығармашылық үйірме жұмыстарына бұл әдісті енгізудің тиімділігін нақты мысалдар арқылы көрсетті. №279 мектеп-лицейінің педагог-психологі Эльмира Құдайбергенқызы «Авторлық жұмыстар: адал азамат пен кәсіби маманға жол» тақырыбында жасөспірімдердің тұлғалық қалыптасуында авторлық бағдарлама негізінде жүргізілетін жұмыстардың маңыздылығын айқындап, оқушылардың руханиадамгершілік және кәсіби бағдарлануына бағытталған әдістәсілдермен таныстырды. Оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогі Ербол Ерғабылұлы «Жетістікке жетудің жолдары» тақырыбында өз тәжірибесінде жетістікке жетудің негізгі факторларына тоқталып, шәкірттердің әлеуетін ашуда қолданылатын мотивациялық әдістер мен авторлық жобаларын ұсынды.
Іс-шара барысында әрбір педагог өз тәжірибесін ортаға салып қана қоймай, тыңдаушылармен ой бөлісіп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұл кәсіби қарым-қатынасты арттырып, әдістемелік жаңашылдыққа деген қызығушылықты күшейтті. Мұндай тәжірибе алмасу педагогтер үшін үлкен мүмкіндік болды. Себебі, білім берудегі үздік тәжірибелермен танысу, оны өз жұмысында қолдану – сапалы әрі нәтижелі білім берудің негізгі тетігі.
Шара соңында белсене қатысып, тәжірибесімен бөліскен педагогтерге аудандық білім бөлімінің арнайы сертификаттары табысталды. Бұл – олардың еңбегіне берілген әділ баға мен құрметтің белгісі.
«Үздіктен үйрен» атты шығармашыл педагогтер тәжірибесімен бөлісу алаңы – ізденіс пен жаңашылдықтың, кәсіби дамудың және шығармашылық серпіннің нақты көрінісі болды. Мұндай алаңдар педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, білім беру сапасын арттыруға да септігін тигізері сөзсіз.
Алтынбек ӘДІЛОВ,
аудандық Оқушылар үйінің әдіскері
29 қазан 2025 ж. 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 753
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031