» » "Үздік әлеуметтік педагог - 2022" облыстық байқауы

"Үздік әлеуметтік педагог - 2022" облыстық байқауы

qarmaqshy-tany.kz  Қызылорда облыстық білім басқармасының 2022 жылғы 07 ақпанындағы №17-нқ/1, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің №24 - нқ кәсіби байқаулар туралы бірлескен шешіміне сәйкес, ү. ж. 14 қыркүйегі күні Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен әлеуметтік педагог мамандарына «Үздік әлеуметтік педагог-2022» облыстық байқауы өткізілді.
Мақсаты: Талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын әлеуметтік педагогтарды анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру) болып табылады.
Байқау 4 кезеңнен бойынша өткізілді.
І кезең: Үміткерлердің өзін-өзі таныстыруы;
ІІ кезең: «Менің жұмыс тәжірибем» өз іс - тәжірибесін көрсету;
ІІІ кезең: «Профессионалдық калейдоскоп» сұрақ-жауап;
ІV кезең: «Әдістемелік сандықша» авторлық бағдарлама, элективті курс әдістемелік құрал және т.б.
Қазылар алқасының құрамында жұмыс жасағандар:
Жұбатқанов Ербол Жүнісұлы - Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының заңгері;
Раханова Нұржамал Сексенәліқызы – «Әлеуметтік педагогикалық қызмет» бөлімінің меңгерушісі;
Қиынбаева Меруерт Сәбитқызы - М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің әлеуметтік педагогы;
Туматова Қалдан Темирбекқызы – Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогы.
Байқауға 7 үміткер қатыстырылып, байқау нәтижесінде:
І - орын иегері Қазалы ауданы, № 90 орта мектебінің әлеуметтік педагогы Жалмаханова Назым;
ІІ - орын Қармақшы ауданы, № 109 орта мектебінің әлеуметтік педагогы Байтанатова Ақмарал;
ІІІ - орын Қызылорда қаласы, № 264 мектеп - лицейінің әлеуметтік педагогы Абдуллаева Маруа алды.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және Облыстық кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
14 қазан 2022 ж. 1 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930