» » "Ұлы дала ойындары - 2025" сайысы өтті

"Ұлы дала ойындары - 2025" сайысы өтті

"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында Қармақшы ауданының оқушылар үйінің ұйымдастыруымен “Ұлы дала ойындары - 2025” тақырыбында мектеп оқушылары арасында роботтан аудандық чемпионат өтті. Мақсаты: ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, робот арасындағы жарыстар түрінде көрсету. Қазақ мәдениеті мен дәстүрін заманауи технологиялармен ұштастыру. Байрақты бәсекеде 16 команда, 80-нен аса оқушылар бақ сынады. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, “AMANAT” партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Әділ Үсенұлы, “AMANAT” партиясы Қармақшы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ғалымжан Амангелдіұлы, Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мажитқызы, Ү. Томанов атындағы №183 мектептің директоры Гүлнара Исақызы қатысты. Жарыс басында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы және “AMANAT” партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Әділ Үсенұлы сайысқа қатысушыларға ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. “Робо теңге ілу”, “ Робо жамбы ату”, “Робо қыз қуу”, “Робо асық ату”, “Робо арқан тартыс”, “Робо күрес” номинациялары бойынша ұйымдастырылған чемпионатта өнертапқыштар жүлделі І, ІІ, ІІІ орындар мен “AMANAT” партиясы Қармақшы аудандық филиалының демеушілігімен дайындалған сыйлықтарға ие болды. Қызықты, әрі тартысты өткен чемпионат ұлттық нақышта өрбіді.

21 ақпан 2025 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728