» » Бастауыш партия ұйымдары арасында ұлттық спорт ойындарынан сайыс өтті

Бастауыш партия ұйымдары арасында ұлттық спорт ойындарынан сайыс өтті

Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылдық округінде «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Көмекбаев, Ақжар, Тұрмағамбет, Алдашбай Ахун, Қуаңдария» бастауыш ұйымдарының партия мүшелері арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында "Ұлттық мұра" жобасы аясында сайыс өтті. Аталған шарада ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту мақсатында ұмыт болған ойындар ойнатылды. Негізгі мақсат – ұлттық ойындарымызды қайта жаңғыртып, қимыл- қозғалыс ойындарына тарту, достық қарым-қатынас, тығыз байланыс орнату болып табылады.
Шараны «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Буханов Дастан ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ шараға Қармақшы аудандық мәслихат депутаты Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы, Қуаңдария ауылының әкімі Аймырзаев Ардақ, №16 Қармақшы ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ержанов Ғалымжан қатысты.Сайыста қазақтың ұлттық ойындары «Ләңгі тебу», «Асық ату», «Арқан тарту», «Қол күрес», «Тоғызқұмалақ», «Бестас» ойындары ойнатылды.
Сайыс соңында командалық есеппен:
1 орын: « Көмекбаев» бастауыш партия ұйымы
2 орын: «Алдашбай ахун» бастауыш партия ұйымы
3 орын: «Тұрмағамбет» бастауыш партия ұйымы иеленді.
Орын алған командалар «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының дипломдары мен алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
29 мамыр 2024 ж. 1 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 620
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031