» » "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының конференциясы өткізілді

"AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының конференциясы өткізілді

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының кезектен тыс XXIV конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Қармақшы аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері мен "Жастар Рухы" ЖҚ мүшелері қатысты.
Жиынды "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов ашып, жүргізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге сәйкес "AMANAT" партиясы Саяси Тұғырнамасының жобасы талқыланып, Қармақшы аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшелері С.Жұмадьяров пен И.Қабатованың және "Бәйтерек" бастауыш партия ұйымының жетекшісі Ф.Сулееваның хабарламалары тыңдалды.
Хабарламашылар партияның Саяси Тұғырнамасы жобасында отбасы институтының беделін көтеруге күш салу, білім, ғылым саласын дамытуға басымдық беру, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, ұлттық өнер және спорт түрлерін кеңінен насихаттау, қазақ әдебиетінің өркендеуіне барынша қолдау жасау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және басқа да халықтың көкейінде жүрген мәселелердің қамтылғандығы жөнінде атап өтті.
Сонымен бірге, конференция делегаттарының Тұғырнама жобасына қосу үшін айтылған ұсыныстары тыңдалып, назарға алынды.
Конференция жұмысының келесі мәселесі бойынша "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалы Саяси кеңесінің құрамына жаңадан сайланған бастауыш партия ұйымдарының ("Янгель", "Болашақ") төрағалары қосылды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселеге сәйкес "AMANAT" партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясына делегаттар сайланды.
Жиынды қорытындылай келе, партияның Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы М.Есбенбетов конференция делегаттарын алдағы уақытта да партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.
29 қыркүйек 2022 ж. 709 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 563
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930