» » ТҰЛҒАЛАР ТОҒЫСҚАН КЕЗДЕСУ

ТҰЛҒАЛАР ТОҒЫСҚАН КЕЗДЕСУ

Ауданға қарасты №199 орта мектепте ұрпақтар сабақтастығы мен заманауи білім үрдісін ұштастырған «Ziyatker-Space: Тұлғалар тоғысы» атты бірегей ашық пікір алаңы өтті. Бұл кеш – жай ғана басқосу емес, тәжірибе мен арманның, білім мен болашақтың тоғысқан шынайы алаңына айналды. Мазмұнды басқосудың төрінде мемлекеттік қызметтің нағыз сарапшысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов болды.
Әділ Үсенұлы кеш барысында оқушыларға өзінің экономикалық білімі мен кәсіпкерлік, әлеуметтік салалардағы бай тәжірибесімен бөлісті. Ол кісінің «жетістік формуласы» мен мемлекетшілдік туралы ойлары жас ұрпаққа нақты бағыт-бағдар беріп, саналы шешім қабылдауға үлкен серпіліс сыйлады. Сонымен қатар, оқушылар аудан мақтаныштарына айналған тұлғалар – Жақсылық Жалғасбаев, Әбдірахман Құлдүйсенов, Бүркіт Қалдашбаев секілді ел ағалары еңбектің дәмін, Дәмелі Жалғасбаева, Мағауия Әлиевтей ұлағатты ұстаздардан білім мен өнердің құпиясын ұғынды.
Қоғамдық жұмыстың бел ортасында жүрген Гүлжауһар Раева және жас буын мен мемлекеттік қызмет арасында алтын көпір орнатқан Владимир Жалғасбай, Нұржұман Пірназарұлы мен Ақтолқын Тоқшылықова да өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Кеш барысында мектеп парламентінің жас көшбасшылары мен ардагер тұлғалар арасында «Жұлдызды сұхбат» пен қызу дебат ұйымдастырылып, «Жастар мемлекеттік басқаруға ерте араласуы керек пе?» деген өзекті сауал төңірегінде шынайы диалог құрылды. Мектеп парламенті мүшелері өздерінің болашаққа деген көзқарастарын шығармашылық көрініс арқылы шебер жеткізіп, ел тізгінін ұстауға дайын екендіктерін дәлелдеді. Ұстаздар мен өнерпаз оқушылардың әсем әні мен күмбірлеген күйі кештің ажарын ашып, қатысушыларға ерекше рух сыйлады. Ал біз үшін әрбір қонақтың ғибратты ғұмыры – ұрпаққа үлгі, ұлтқа мұра.
Жаннат АЛМАБАЙҚЫЗЫ,
№199 орта мектептің директоры
18 сәуір 2026 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 913
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 560

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930