» » Ресми құжаттарды апостильдеу

Ресми құжаттарды апостильдеу

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтар мен заңды тұлғалардың шетелдік қатынастарға түсуі кеңінен таралуда. Осыған байланысты ресми құжаттардың шетел аумағында заңды күшін тану мәселесі ерекше маңызға ие. Мұндай жағдайда құжаттарды заңдастырудың жеңілдетілген тәртібі ретінде апостиль қою инстит уты кеңінен қолданылады.
Апостиль қою рәсімі Гаага конференциясы аясында қабылданған 1961 жылғы Гаага конвенциясы негізінде жүзеге асырылады. Аталған конвенцияға сәйкес апостиль – құжаттың түпнұсқалығын, оған қол қойған тұлғаның өкілеттігін және мөрдің немесе штамптың шынайылығын растайтын арнайы белгі.
Апостиль – бұл құжаттың мазмұнын емес, оның сыртқы заңдылығын куәландыратын рәсім. Яғни, апостиль қойылған құжат шетел мемлекеттерінде қосымша консулдық заңдастырусыз танылуға жатады.
Қазақстан Республикасы аталған Конвенцияға қосылған мемлекет ретінде апостиль қою тәртібін ұлттық заңнамада бекіткен. Бұл ретте апостиль қою функциялары бірнеше мемлекеттік органдарға жүктелген, соның ішінде-әділет органдары, білім және ғылым саласындағы уәкілетті органдар, сыртқы істер органдары.
Сот тәжірибесінде жиі кездесетін мәселелердің бірі – қандай құжаттарға апостиль қойылатынын дұрыс айқындау. Жалпы, апостиль мынадай ресми құжаттарға қойылады- азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер, сот шешімдері мен қаулылары, нотариалдық куәландырылған құжаттар, білім туралы дипломдар мен сертификаттар.
Апостиль қою институты халықаралық құқықтық қатынастарды жеңілдетудің тиімді құралы болып табылады. Дегенмен, оның дұрыс қолданылмауы құқықтық дауларға әкелуі мүмкін. Сондықтан сот органдары мен уәкілетті мекемелердің үйлесімді жұмысы азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады.
Б.Абубакирова,
Байқоңыр қалалық сотының судьясы

27 наурыз 2026 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 048
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 649

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031