» » Апостиль дегеніміз не?

Апостиль дегеніміз не?


Апостиль – бұл құжаттың түпнұсқалығын және қол қойған тұлғаның лауазымын ресми түрде растайтын арнайы мөртаңба немесе штамп. Ол тек 1961 жылғы Гаага конвенциясына қатысушы мемлекеттер арасында қолданылады. Яғни, апостиль қойылған құжат қосымша консулдық немесе дипломатиялық растауды қажет етпейді.
Соттан шыққан құжат шетелде қолданылатын болса, апостиль қою міндетті болып табылады. Мысалы:
Сот шешімдері;
Үкімдер;
Нотариалды куәландырылған сот құжаттарының көшірмелері;
Атқарушылық парақтар және өзге де процессуалдық құжаттар.
Қазақстан Республикасында сот органдарынан шыққан құжаттарға апостиль қоюды Әділет министрлігі жүзеге асырады. Ол құжаттың түпнұсқалығын тексеріп, арнайы үлгідегі апостиль мөрін қояды.
Апостиль қойылған сот құжаттары Гаага конвенциясына мүше елдерде ешқандай қосымша растаусыз заңды күшке ие болады. Ал егер құжатты Конвенцияға кірмейтін елдерде қолдану қажет болса, онда қосымша консулдық легализация қажет болуы мүмкін.
Сот органдарынан шыққан ресми құжаттарды шетелде пайдаланғыңыз келсе, оларға міндетті түрде апостиль қойдыру қажет. Бұл – құжаттың түпнұсқалығын және оның халықаралық деңгейде мойындалуын қамтамасыз ететін ең ыңғайлы әрі заңды жол.
Байқоңыр қалалық сотының бас маманы
09 қыркүйек 2025 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930