Құрылтай
» » Халықаралық шарттар: сот тәжірибесіндегі рөлі

Халықаралық шарттар: сот тәжірибесіндегі рөлі

Бүгінгі күні мемлекеттер арасындағы қатынастар жылдам дамып келеді. Сол себепті халықаралық шарттар – мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы құқықтық міндеттемелердің басты құралы. Олар тек халықаралық қатынасты реттеп қана қоймай, сот тәжірибесіне де айтарлықтай әсер етеді.
Халықаралық шарттар сотта екі жолмен қолданылады: кейбіреулері тікелей, заңға енгізілмей-ақ негіз ретінде алынады, ал кейбірі ұлттық заң арқылы қолданысқа енгізіледі. Соттар шарттарды қараған кезде халықаралық тәжірибе мен бұрынғы шешімдерді де ескереді.
Шарттар әсіресе халықаралық сауда, еңбек қатынастары, интеллектуалдық меншік мәселелерінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақтылайды, дауды тез әрі әділ шешуге мүмкіндік береді. Дегенмен кейбір жағдайларда шарттар ұлттық заңмен қайшы келуі немесе түсіндіруде қиындықтар туындауы мүмкін.
Қорытындылай келе, халықаралық шарттарды дұрыс түсіну және қолдану сот шешімдерінің сапасын арттыруға көмектеседі, дауларды әділ әрі нақты жолмен шешуге мүмкіндік береді.
А.Мырзағұлова,
Қармақшы аудандық сот әкімшісінің бас маманы 
16 наурыз 2026 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31