» » Халықаралық құқықтық көмек көрсету мәселелері

Халықаралық құқықтық көмек көрсету мәселелері

Қазіргі таңда мемлекеттер арасындағы құқықтық байланыстардың кеңеюі халықаралық құқықтық көмек көрсетудің өзектілігін арттырып отыр. Істер бойынша шетелдік серіктес органдармен өзара іс-қимыл жасау — құқық үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Халықаралық құқықтық көмек шетелде орналасқан дәлелдемелерді жинауға, процессуалдық әрекеттер жүргізуге, сот құжаттарын тапсыруға, тұлғаларды сұрау мен тергеу амалдарын орындауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттер арасындағы құқықтық көмекті реттеу негізінен екі жақты шарттар, көпжақты конвенциялар және ұлттық заңнамалар арқылы іске асырылады. Мысалы, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Кишенев конвенциясы, Минск конвенциясы,Гаага конвенциялары осындай ынтымақтастықтың құқықтық базасын құрайды. Бұл құжаттар құқықтық көмек көрсету тәртібін, құзырлы органдарды, өтініштерді қарау мерзімдерін және сұратылған мәліметтердің құпиялығын сақтау талаптарын айқындайды.
Халықаралық құқықтық көмек көрсетуде бірқатар қиындықтар да кездеседі. Ең алдымен, әр мемлекеттің құқықтық жүйесінің ерекшелігі, процессуалдық нормалардың айырмашылығы өтініштерді орындау мерзіміне және сапасына әсер етеді. Сонымен қатар, құжаттарды заңдастыру, апостиль қою, аудармалардың сапасы, құзырлы органдар арасындағы техникалық және ұйымдастырушылық кедергілер ынтымақтастық үдерісін күрделендіреді. Кей жағдайларда деректерді қорғау және ұлттық қауіпсіздік талаптары ақпарат алмасуға шектеулер қоюы мүмкін.
Соған қарамастан, халықаралық құқықтық көмектің тиімділігі мемлекеттердің өзара сеніміне, ақпараттық жүйелердің біріздендірілуіне, электронды өзара іс-қимыл формаларын дамытуға тікелей байланысты. Соңғы жылдары көптеген елдер құжаттарды онлайн беру, электронды сұраныстарды жіберу, бірлескен тергеу топтарын құру сияқты заманауи тәсілдерді енгізуде. Бұл өз кезегінде қылмыспен күресті күшейтіп, азаматтық істер бойынша әділ сотқа қол жеткізуді жеңілдетеді.
Халықаралық құқықтық көмек — мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыты. Ол құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысын қолдап қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Құқықтық жүйелердің үйлесімділігі мен өзара сенімнің артуы халықаралық құқықтық көмектің болашақта одан әрі тиімді болуына ықпал етеді.
Б.Абубакирова,
Байқоңыр қалалық сотының судьясы 
04 желтоқсан 2025 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 010
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 685

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031