» » Халықаралық шарттар – ел болашағының кепілі

Халықаралық шарттар – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану заманында әр мемлекеттің өзге елдермен тату қарым-қатынас орнатуы – басты міндеттердің бірі. Бұл қарым-қатынастың негізінде халықаралық шарттар жатады. Олар – мемлекеттер арасындағы келісімдер, яғни жазбаша түрде жасалып, екіжақты немесе көпжақты қол қойылатын құжаттар.
Халықаралық шарттар – жай ғана қағаз емес. Олар елдің бейбітшілік, қауіпсіздік, сауда, мәдениет, білім, қоршаған ортаны қорғау секілді түрлі салалардағы ынтымақтастығын айқындайды. Мысалы, Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы шекара туралы шарттар біздің аумақтық тұтастығымызды бекітіп берді. Ал экономикалық келісімдер шетелдік инвестицияларды тартуға жол ашты.
Мұндай шарттар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, заң күшіне ие. Яғни, егер халықаралық шарт пен ұлттық заң арасында айырмашылық болса, халықаралық шарттың ережелері орындалады. Бұл – Қазақстанның халықаралық аренадағы жауапты ел екенін білдіреді.
Халықаралық шарттар – елдің даму жолындағы сенімді көпір. Олар мемлекетіміздің өзге елдермен тең дәрежеде сөйлесуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына мүмкіндік береді. Сондықтан да, әрбір азамат осындай маңызды құжаттардың мәнін түсініп, ел болашағына бей-жай қарамауы тиіс.
Е.Мәтжанов,
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің басшысы
24 маусым 2025 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728