» » «Эксаумақтық соттылық: Әділет қай жерде де үстем болуы керек»

«Эксаумақтық соттылық: Әділет қай жерде де үстем болуы керек»

Қазіргі таңда бір елдің азаматы басқа бір елде құқық бұзушылық жасаса, оны кім жауапқа тартады деген сұрақ жиі туындайды. Бұл жерде эксаумақтық соттылық деген ұғым алға шығады. Эксаумақтық соттылық – бір мемлекеттің өз азаматтарын немесе шетел азаматтарын өз аумағынан тыс жерлерде жасаған заң бұзушылықтар үшін қудалауға құқығы бар дегенді білдіреді.    
Мысалы, егер Қазақстан азаматы шетелде қылмыс жасаса, Қазақстан оны өз заңымен жауапқа тарта алады. Бұл – ұлттық юрисдикция деп аталады.   
Сондай-ақ кей жағдайларда, егер басқа елдің азаматы шетелде Қазақстанға қарсы бағытталған әрекет жасаса, мысалы, террористік әрекет, Қазақстан ол адамды іздеп тауып, өз заңы бойынша жаза қолдануға құқылы. Бұдан бөлек, универсалдық юрисдикция деген түсінік бар. Яғни, геноцид, азаптау, соғыс қылмыстары сияқты ауыр қылмыстар үшін кез келген ел күдіктіні ұстап, соттай алады. Мұндай қылмыстар бүкіл адамзатқа қауіп төндіретіндіктен, оларға бүкіл әлем жауап береді. Бірақ бұл ұғым оңай іске аса бермейді. Себебі әр мемлекеттің егемендігі бар, яғни, өз аумағындағы істерге өзі ғана билік жүргізе алады. Сондықтан басқа елдің азаматын ұстап, жазаға тарту үшін халықаралық келісімдер мен екіжақты келісімдер қажет. Қазақстанда эксаумақтық соттылық бар ма? Иә, бар. Біздің заңдарымызда егер Қазақстан азаматы шетелде қылмыс жасаса немесе шетел азаматы      
Қазақстанның қауіпсіздігіне қарсы әрекет етсе, оларды жауапқа тартуға мүмкіндік беретін баптар бар.
Қорытындылай келе, эксаумақтық соттылық – бұл мемлекеттің өз азаматтарын немесе өз қауіпсіздігін қорғау үшін қолданатын заңдық құрал.  
Ол халықаралық құқықпен шектеліп, әрқашан әділдік пен мемлекетаралық құрмет қағидаларына сай қолданылуы тиіс.
С.Кожаков,
Қармақшы аудандық сотының судьясы
                                                               
                                            
16 маусым 2025 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 527

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930