» » Аудандық сот 9 айды қорытындылады

Аудандық сот 9 айды қорытындылады

Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Мыханов 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Баспасөз конференциясына «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі мен аудандық сот қызметкерлері қатысты.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда 46 адамға қатысты 39 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 36 адамға қатысты 31 іс бойынша үкім шығарылған. 7 адамға қатысты 6 іс тоқтатылған, 1 іс соттылығы бойынша жолданып, 1 іс прокуратураға кері қайтарылған, 3 жекеше қаулы қабылданған.
2024 жылдың 9 айында сотқа 688 талап қою, 19 азаматтық іс түскен. Барлығы 543 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 67 іс бойынша сот бұйрығы, 303 шешім қабылданып, 137 іс өндірістен тоқтатылған. 40 іс қараусыз қалдырылған және 21 іс соттылығы бойынша жолданған. 3 жеке ұйғарым қабылданған.
2024 жылдың 9 айында соттың өндірісіне 480 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түскен. Түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ішінде 20-сы біріктіріліп, 446 адамға қатысты 446 іс қаралған. 338 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 99 адамға қатысты тоқтатылған. 23 жекеше қаулы қабылданған.
Барлығы татуласу тәртібімен 130 азаматтық іс, 59 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс, 7 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған.
Істер 100% аудио-бейне жазба арқылы қаралған.
Есепті мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы және қылмыстық істердің 100 %-ы электронды нұсқада түсіп қаралған.
Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы Қ.Мыханов 4 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының ІХ съезді өткенін, Жоағрғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев кассациялық соттарды құру, тергеуде қамауға алынғандар үшін электронды білезіктерді қолдануды кеңейту, эксаумақтық соттылық енгізу, соның ішінде роботехниканы қолдануды кеңейту, соттардың инфрақұрылымын едәуір жақсарту туралы айтылғанын атап өтті. Сонымен қатар Қармақшы аудандық сот жүйесінде оң өзгерістер орын алып, заман талабына сай дамып келе жатқан, ең басты бұл шаралардың адам құқығының қорғалуына және халықтың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталғаны байқалады деп өз пікірін білдірді.
Төраға Қ.Мыханов қатысушыларға алғысын білдіріп, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА

28 қазан 2024 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031