Сот тоғыз айды қорытындылады
qarmaqshy-tany.kz Аудандық сот кезекті баспасөз конференциясын өткізіп, осы жылдың 9 айын қорытындылады. Сот төрағасы Қуаныш Мыханов сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысына есеп берді.
Қылмыстық іс бойынша ағымдағы жылдың 9 айында өткен жылдан 3 іс қалдықта қалып, 48 адамға қатысты 37 іс түскен. 43 адамға қатысты 36 қылмыстық іс аяқталып, 8 адамға қатысты 4 қылмыстық іс осы жылдың қазан айына қалдықта қалған.
Сонымен қатар 19 іске қатысты 19 адам бойынша үкім шығарылған. Ал өндірістен қысқартылған 4 істің барлығы да медиация тәртібімен, 9 іс соттылық бойынша басқа соттарға жолданып, 4 іс прокуратура органдарына қайтарылған.
Азаматтық іс бойынша осы жылдың 9 айында азаматтардан барлығы әртүрлі нысандағы 437 арыз, 14 іс түсіп, 281 арыз бойынша азаматтық іс қозғалған. 61 сот бұйрығы, 152 шешім шығарылып, соттылықпен 22 іс жолданған. 75 іс медиация тәртібімен тоқтатылып, 35 іс қараусыз қалдырылса, барлығы 345 іс аяқталған.
Әкімшілік іс бойынша сот өндірісінде 387 құқық бұзушыға қатысты 387 әкімшілік іс түсіп, 3 құқық бұзушыға қатысты 3 іс біріктірілген. Сондай-ақ 373 құқық бұзушыға қатысты 373 әкімшілік іс аяқталған. 6 іс кері қайтарылып, 10 іс соттылықпен жолданған. Ал 5 іс келесі айға қалдыққа қалған.
Аяқталған әкімшілік құқық бұзушылық істер ішінде 345 құқық бұзушыға қатысты 345 әкімшілік іс бойынша әкімшілік жаза қолданса, 16 құқық бұзушыға қатысты 16 әкімшілік іс өндірістен тоқтатылған.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы Қ.Мыханов сот жүйесі төңірегінде туындаған барлық сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта сот ісін жүргізу әрі қарай жетіле түсетінін айтты.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ