Сот 12 айды қорытындылады
Жақында аудандық сот баспасөз конференциясын өткізіп, өткен жылды қорытындылады. Сот төрағасы Қуаныш Мыханов сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысына есеп берді.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда былтыр 73 адамға қатысты 62 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 45 адамға қатысты 42 іс бойынша үкім шығарылған. Ал 8 адамға қатысты 7 іс тоқтатылған. 7 іс соттылығы бойынша жолданып, 6 іс прокуратураға кері қайтарылған, сонымен қатар 2 жекеше қаулы қабылданған.
Өткен жылдың 12 айында сотқа 678 азаматтық іс түскен. Барлығы 433 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 66 іс бойынша сот бұйрығы, 252 шешім қабылданып, 111 іс өндірістен тоқтатылған. 63 іс қараусыз қалдырылған және 18 іс соттылығы бойынша жолданған, 6 жеке ұйғарым қабылданған.
Сондай-ақ 12 айында сот өндірісіне 583 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түскен. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ішінде 3-еуі біріктіріліп, 570 адамға қатысты 570 іс қаралған. 491 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 73 адамға қатысты тоқтатылған. 24 жекеше қаулы қабылданған.
Барлығы татуласу тәртібімен 108 азаматтық іс, партисипативтік рәсім тәртібімен 1 азаматтық іс, 44 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс, 5 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. Істер 100 пайыз аудио-бейнежазба арқылы қаралған.
Есепті мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы және қылмыстық істердің 100 пайызы электронды нұсқада қаралған.
Сот төрағасы Қуаныш Мыханов баспасөз мәжілісін қорытындылап, аудандық сот ұжымы былтыр облыстық соттың 85 жылдық мерейтойы қарсаңында осы салада еңбек еткен ардагерлермен кездесу ұйымдастырып, оларға құрмет көрсеткенін атап өтті. Сонымен қатар сот жүйесі төңірегінде туындаған барлық сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта сот ісін жүргізу әрі қарай жетіле түсетінін айтты.
Ерсін ӘЛІБАЙ