» » Өткен жылға есеп берді

Өткен жылға есеп берді

qarmaqshy-tany.kz Аудандық сот баспасөз конференциясын өткізіп, өткен жылды қорытындылады. Сот төрағасы Қуаныш Мыханов сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысына есеп берді.
Аудандық сот өндірісінде былтыр 12 айда өткен жылдан 3 іс қалдықта қалып, 76 адамға қатысты 56 қылмыстық іс түсіп, 74 адамға қатысты 57 іс аяқталған. Аяқталған істердің ішінде 45 адамға қатысты 39 қылмыстық іс бойынша үкім шықса, 4 адамға қатысты 4 іс өндірістен тоқтатылып, 9 адамға қатысты 9 іс басқа сотқа соттылықпен жолданып, 5 адамға қатысты 2 қылмыстық іс биылғы жылға қалдықта қалғанын сөз етті.
Сондай-ақ есепті мерзімде былтыр 12 айда аудандық сотта азаматтардан барлығы әртүрлі нысандағы 592 арыз, 16 іс түсіп, соның ішінде 389 арыз бойынша азаматтық іс қозғалып, 84 сот бұйрығы, 241 шешім шығарылып, соттылықпен 29 іс жолданса, 98 іс медиация тәртібімен тоқтатылып, 48 іс қараусыз қалдырылып, есептік кезеңде барлығы 500 іс аяқталған.
Құқық бұзушылық бойынша өткен жылы аудандық сотта 479 құқық бұзушыға қатысты 479 әкімшілік іс түсіп, 8 құқық бұзушыға қатысты 8 әкімшілік ісі мәні бойынша жолданса, 3 құқық бұзушыға қатысты 3 іс біріктіріліп, 467 құқық бұзушыға қатысты 467 әкімшілік іс аяқталып, 1 іс биылға қалдыққа қалған.
«Сот кабинеті» сервисі арқылы 531 талап арыз, 476 әкімшілік іс түскен. Есепті мерзімде барлық істер аудио-бейне жазба жүйесі арқылы 100% қаралған.
Сот төрағасы Қуаныш Мыханов баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот жүйесі төңірегінде қойылған барлық сұраққа жауап беріп, одан әрі сот ісін жүргізу жетіле түсетінін тілге тиек етті.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
17 қаңтар 2023 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 280

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930