Топ-баннер
» » Рамазан айында тамақтан уланудың алдын алу – әр отбасының жауапкершілігі

Рамазан айында тамақтан уланудың алдын алу – әр отбасының жауапкершілігі


Қасиетті Рамазан айында халықтың күнделікті тамақтану режимі өзгеріп, ауызашар мен сәресі уақытында дайындалатын тағам түрлері көбейеді. Осы кезеңде санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтамау тамақтан улану жағдайларының артуына әкелуі мүмкін. Сондықтан тағам қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлу – денсаулықты сақтаудың маңызды алғышарты.

Тамақтан улану көбіне тағамның дұрыс сақталмауынан, жарамдылық мерзімінің өтіп кетуінен немесе ас әзірлеу барысында гигиена талаптарының сақталмауынан туындайды. Әсіресе көпшілікке арналған ауызашар дастарқандарын ұйымдастыру кезінде тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажет.

Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының айтуынша, Рамазан айында дайындалған тағамдарды бөлме температурасында ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Ыстық күндері тез бұзылатын ет, сүт және кремді өнімдер ерекше бақылауды талап етеді. Дайын асты бірнеше рет жылытып пайдалану да улану қаупін арттырады.

Тамақтан уланудың алдын алу үшін тұрғындарға келесі ұсынымдарды сақтау маңызды:
– тағамды тек жаңа және сапасы күмән тудырмайтын өнімдерден әзірлеу;
– ас дайындау барысында қол гигиенасын қатаң сақтау;
– шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау;
– жеміс-жидек пен көкөністерді ағын сумен мұқият жуу;
– дайын тағамды тоңазытқышта белгіленген температурада сақтау;
– белгісіз орындардан сатылатын күмәнді тағамдарды тұтынбау.

Ораза уақытында ұзақ уақыт аш жүрген ағзаға ауыр, майлы және тым ащы тағамдарды шамадан тыс пайдалану асқазан-ішек жолдарының бұзылуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан ауызашарды жеңіл сорпа, құрма, су сияқты ас мәзірімен бастап, тағамды біртіндеп қабылдау ұсынылады.

Егер жүрек айну, құсу, іштің өтуі, әлсіздік немесе дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалса, өздігінен ем қабылдамай, дереу медициналық ұйымға жүгіну қажет.

Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрғындарды Рамазан айында тағам қауіпсіздігін сақтауға, жеке бас гигиенасына мұқият болуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Санитариялық талаптарды сақтау – әр отбасының амандығы мен қоғам саулығының кепілі.
А.Смайлова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы 
24 ақпан 2026 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 490
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 323

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728