» » ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Қазіргі қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық. Бұл мәселе тек бір отбасының ішкі мәселесі емес, ол қоғамның қауіпсіздігіне, адамдардың психологиялық және физикалық денсаулығына тікелей әсер ететін күрделі проблема болып табылады. Зорлық-зомбылықтың құрбандары көбіне әйелдер, балалар және қарт адамдар болып отыр.
Отбасылық зорлық-зомбылық бұл физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық сипаттағы қысым көрсету әрекеттері. Мұндай әрекеттер адамның ар-намысына тиіп қана қоймай, оның өмір сүру сапасын төмендетеді, қоғамға деген сенімін әлсіретеді.
Қазақстан Республикасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес бағытында бірқатар заңнамалық және профилактикалық шаралар қабылданған. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары, пробация қызметі, білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік қорғау мекемелері өзара тығыз байланыста жұмыс атқаруда. Полиция органдары тарапынан есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, қорғау нұсқамалары шығарылып, ерекше талаптар белгіленеді. Сонымен қатар, отбасылық жанжалдарға жедел әрекет ету, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері анықталған жағдайда тиісті құқықтық шаралар қабылдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар зорлықзомбылықтан зардап шеккен азаматтарға психологиялық көмек көрсетіп, дағдарыс орталықтарына бағыттайды. Бұл орталықтарда жәбірленушілерге уақытша баспана, заңгерлік және психологиялық қолдау көрсетіледі.
Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның рөлі ерекше. Әрбір азамат немқұрайлы қарамай, осындай жағдайлардың алдын алу үшін өз үлесін қосуы қажет. Зорлықзомбылықты жасыру емес, керісінше оны дер кезінде хабарлау – адам өмірін сақтап қалудың бірден-бір жолы.
Отбасы – тәрбиенің бастауы, қоғамның негізі. Сондықтан отбасындағы сыйластық, түсіністік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру басты мақсат. Зорлық-зомбылықсыз қоғам құру баршамыздың ортақ борышымыз.
Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз тұрмыстық-зорлыққа тап болса, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласып, көмек сұрай аласыз:
Сенім телефоны: 111, Полиция басқармасы және бөлімдері – 102, Дағдарыс орталықтарының байланыс нөмірлері: «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қоры: 87773408734, 87071593551 «Жан» дағдарыс орталығы, 88000807771 «Ана үйі» қоғамдық қоры.
Қармақшы ауданы полиция бөлімі
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы
02 ақпан 2026 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 362
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728