» » Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам жарасы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғам жарасы

Бүгінгі таңда мәселенің түп-тамырын табу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептерін анықтау маңызды екені күн сайын айтылуда. Бұл тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес, аталған мәселеге әлеуметтанушыларды, сарапшыларды, психологтарды және мемлекеттік органдарды тарту қажет.
Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық қаржылық қиындықпен, ішімдікке әуестікпен және нашақорлықпен, әйелдің материалдық жағдайымен тікелей байланысты.
Отбасы аясында жасалатын құқық бұзушылықтардың құқықтық және әлеуметтік аспектілерін талдау кезінде тұрмыстық қақтығыстар саласындағы негізгі қиындық пен қарсылық жәбірленушінің өз жағдайын ауырлатудан қорқып, зорлық көрсеткен адам жөнінде айтқысы келмеуі деген қорытындыға келуде. Көбінесе олар өздері үшін қорқып, үнсіз қалады.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу үшін 2009 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу және тергеу тетігін көздейтін нормалар жазылған.
Сонымен қатар, заңнаманың соңғы өзгерістеріне сәйкес, полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің мәлімдемелік сипатына емес, анықтау сипатына көшті. Тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталды, әкімшілік және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 73- бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болған кезде олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, бұл үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Кейбір елде зорлық көрсетушілерге олардың мінез-құлқын түсінуге, қайта зорлық-зомбылықтың алдын алуға көмектесетін тиісті бағдарламалар бар. Мұндай елдер мемлекеттік қаржыландыру шеңберінде зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін коммерциялық емес ұйымдарға қаржылық қолдау, заңгерлік көмек, кеңес беру және баспана ұсынуда. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары әйелдер мен балаларға арналған мамандандырылған дағдарыс орталықтарына жүгіне алады. Онда оларға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіледі.
Аудандық полиция бөлімі
02 мамыр 2024 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 276

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 373

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930