» » Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

«Әйелді ұрма, сағы сынады, баланы ұрма, бағы сынады» деген ата-бабаларымыз ананы да, баланы да ұрмай-соқпай ақылмен басқара білген. Сондықтан отбасы берекесін кетірмей, татулықта ұстау – есті азаматтар ескеретін жайт.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар ая­сында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.
Әйелдерге қатысты зорлық - зомбылық әлемнің барлық аймағында таралған және кез кел­ген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзікжандыларға қатысты зорлық - зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана қозғап қоймай, со­нымен қатар, басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық- зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алмай келеді. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тыры­сады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді.
Қазіргі қоғамның басты дертіне айналған бұл мәселемен жалғыз құқық қорғау қызметкерлері ғана емес, жалпы қоғам болып күресу маңызды. Отбасын саналы түрде құрған ер азамат отбасы алдындағы жауапкершілікті сезініп, тұр­мыстық зорлық-зомбылыққа жол бер­мегені абзал.
Қазақ халқы әйел адамды қа­шанда құрметтеп, орны ерекше деп бағалаған. Ана деп ардақтап, қарын­дас деп еркелеткен. Ер-азаматтың тірегі, қам­қоршысы болған әйелдер қамық­қан­да сүйеу, тарыққанда тіреу, қам кө­ңілге жұбаныш бола білген.
Бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналған отбасындағы зорлық-зомбылықтың ал­дын алып, бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру әр адамның өз қолында.
А.Құттымырза,
Байқоңыр қалалық сотның жетекші маманы
27 наурыз 2024 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 280

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930