» » Жадынамалар таратылды

Жадынамалар таратылды


«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді әлдилейді» деп тегін айтпаса керек. Елімізде әйел, отбасы мәселесі мемлекеттік саясаттың басты бір бөлігі болып табылады. Әйелдер құқығының қорғалуы жөніндегі нормалар мұнымен шектеліп қоймай, бірқатар құқықтық актілер қазірде заңды күшіне енген. Елімізде әйелдер құқығының қорғалуына 1995 жылдан бастап назар аударыла басталды.
Біздің ұғымымызда «Ер адам – шаңырақ иесі, әйел – ошақ иесі» деген түсінік бар. Бұрын отбасында тек ерлер ғана табыс табатын болса, бала-шаға асырау жауапкершілігі енді әйел-аналардың да иығына түсті. Нарықтың әйелдерге әкелген тауқыметі орасан. Жұмыссыздық деген килікті. Болашақ дегенде бала еске түседі. Ал сол баланы өмірге әкеліп, үлкен азамат ететін – ана. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлемнің барлық аймағында таралған және кез келген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзік жандыларға қатысты зорлық-зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана қозғап қоймай, сонымен қатар басқа жағдайлардан туындайды.
Қармақшы АПб-мі ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен және волонтерлармен бірігіп халық жаппай жиналатын орындарда (сауда орталықтарда, базарларда) түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жадынамалар таратылды.

Қармақшы АПб-мі ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы

04 сәуір 2022 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 143

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031