КЕЛІН МЕН ЕНЕНІ ТАРТЫСТЫРУ КӨГІЛДІР ЭКРАННЫҢ МАҚСАТЫ МА?
Кез келген адам бақытты болғысы, тәрбиелі ұрпақ өсіргісі келеді. Әлбетте, осы арманның бәрі орындала бере ме? Отбасын құрғанмен оны ұстап тұру оңай ма? Жалпы адам бақытына не керек? Жанұя бақытындағы ене мен келіннің рөлі қандай? Неге кейбір отбасындағы ене мен келіннің бір-біріне деген қатынасы салқын, болмаса жанұя жылылығын сақтайтын екі тұлға сүтке тиген мысықтай дүрдараз? Қазір шыны керек, ажырасу бойынша еліміз алдыңғы қатарда. «Ашынғаннан шығады ащы даусым», – дейді екен ертеде аталарымыз. Сол айтпақшы, қанша жасырып, жасқағанмен аквариумдегі балықтай ашық көрініп тұрған жайт қой бұл. Елдікті ойлайтын ат төбеліндей топ: «Қайтсек, ұлт болып ұйысып өмір сүреміз» деп бас қатырып, қызылкеңірдек боп жүрсе, енді бір шоғыр: «Жаһандану – дегеніміз осы. Ол сенің анау-мынауыңа жүген салдырмайды», – деп соғуда.
Кім не десе де, қазір бізге керегі – Отанды Отан ететін отбасының бірлігін сақтау, құндылығын дәріптеу.
Әдетте, бұқаралық ақпарат құралдары халықтың ынтымағына, ауызбірлігіне жұмыс істейді. Десе де, үнемі олай емес сияқты. Неге дерсіз? Айтайын. Бүгінде не көп – шоу көп. Ал, шоу дегеніңіз – ақша табудың ең оңай жолы. Нарықты бетперде етіп ұстап, қажетті, қажетсіз жерге «шоуды» балшықша жапсыра беретін мына заманда ешнәрсеге таңқалмайтын болдық. Сол шоу бәрін қойып, ұлттық құндылығымызға жылан секілді жорғалап жеткен сыңайлы. Ер салдырмас сәйгүлікті жуасытқандай. Онсыз да ажырасудан «рекорд» жасап тұрған қазақ қоғамына, ұлттық құндылығымызға «шоу-сымақ» керек пе еді?
Бұлтақтатпай, турасына көшсек. Телеарнаның атын айтып, түсін түстемей-ақ қояйық. Көк сандықтың ар жағынан не берілсе, көрермен соның барлығын көреді. Соңғы кезде «Қош келдіңіз», «Кел, келінім», «Шімән апаның келіндері», «Өз үйім», басқа да әзіл-шыны аралас хабарлар беріліп жүр. Осы хабарларды көре отырып, ойға қаласың. Негізінен арзан әзілге құрылған. Мақсаты – адам күлсе болды. Рас, әзіл керек бізге. Күлкі – терапия, жақсы, ұтымды әзіл жаныңды емдеп, жадыратады. Қазақ сатирасының сардары Темірбек Қожакеев айтқандай: «Күлкі – қару». Күлкіні қару етуге де болады. Күлкі – қуаныш. Риясыз шаттануға да болады. Әзілмен қоғамға көп нәрсені жеткізуге, ой салуға болады. Дүрсін тірліктен шаршағанда шымшыма да керек. Түптеп келгенде, жанрдың түпкі мақсаты – адам тәрбиесіне қызмет ету. Әлгіндей хабар арқылы балиғатқа толып, тұрмыс құрғалы жүрген қызға нені көрсетіп, нені насихаттап жатырмыз? «Сен де ертең күйеуге шыққанда, енеңе осылай жаса» деп үгіттеп тұрғандай. Аңғарғанымыздай, жоғарыда айтқан түсірілімде бірде енесі келінін келемеж етсе, енді бірде келіні енесін алдап, қу түлкінің күйіне енеді. Қазіргі шоулар ене мен келін ортасындағы ұрыс-керіс, түсініспеушілікке толы. Отбасына деген жеңіл көзқарас. Мұның соңы немен бітпек?
Қазір сіз білесіз бе? Оңтүстік өңірлерде құда-құдандалылар арасында кит деген бар. Осы кит тарату рәсімі үшін жаңа құдалар арасында ұрыс-керіс туып, ақырында екі жастың қосылмай тұрып екі айрылуына себеп болған мысалдар жетерлік. Бас қосып, шаңырақ құрмай жатып қыз бен жігіт: «Сенің әкең, менің әкем, сенің анаң, менің анам» деп екі жаққа бөлініп, неке құрған соң көп ұзамай кетісіп жатады. Оған себеп, сол баяғы кит дауы. Осылай болды екен-ау деп, қысылып-қымсынып жатқан ата-ананы және көрмейсіз. Оны ар-намыс, ұят санамайды да. Солай болуға тиісті секілді.
Қазір оңтүстікте «қыз алып қашу» үрдісі бар. Бұл үрдіс осы уақытқа дейін қаншама қыздың тағдырын тәлкекке салса да тоқтайтын түрі жоқ. Танымайтын қызды алып қашып келгенде сол әулеттің үлкен келіндері: «Қойыңдар, келісімі жоқ баланы неге әкелесіңдер, үйіне қайта апарыңдар», – деудің орнына: «Кезінде бізді де осылай қашырып әкелген. Одан жаман болдық па? Өсіп-өндік», – деп, басып әкелген қызға жанашырлық танытудың орнына «жығылғанға жұдырық» болғанын көзіміз көрді. Сол қыздың орнына бір уақыт өз қызын қойса, қайтер екен дейсің, патшағар.
Әңгімемізді хабардан бастап едік қой. Кез келген ойдың ар жағында, астарында ізгілік, игілік, адами қасиет жатпаушы ма еді? Ол жұмырбасты пендеге өз қателегін қайталамауға, адымын шалыс баспауға себепкер болмаушы ма еді? Болмаса, арзан әзіл кімге керек, кімге тиімді? Онсыз да некесі ажырап, баласы бейшара күй кешіп жүрген қоғамға ма, әлде құлқынын ақша тескен пайдакүнемге ме?
– Өз басым теледидардан арзан дүниелерді көруге жоқпын. Кейде көзім шалады. Арнаны басқа жағына бұра қоямын. Қасыңда келінің отырса, одан қандай өнеге алмақ? Мұндай түсірілімге мүлдем қарсымын. Ұрпақ өсіріп отырған анамыз. Келін біздің түсінігімізде – қазақтың анасы. Ал, қыз – қазақ қоғамының бейнесі. Аталған хабарлар – қазақ қызының болмысы емес. Келін өзін қалай болса, солай ұстайды. Күлкісі, қимылы – дөрекі, сайқымазақ Дионистей. Тіпті, жүріс-тұрысына, сөйлеген сөзіне дейін ыңғайсыз. Нешебір ашық қоғам болсақ та, жаман әдеттен жиренсін десе де – мұнысы ерсі. Ұлттық болмысымызға келмейді. Қай ене де келініне барынша жақсы тәрбие беруге тырысады. Ұрпағының адал өскенін қалайды. Балапанын торғай екеш торғай да қорғамай ма? Сол сықылды ене де келінін тұмсықтыға шоқытпауға, қанаттыға қақтырмауға барын салады, – дейді халық қалаулысы Гүлжауһар Төлегенқызы.
Арнадағы шығарылымды оңды-солды көрсете бермей, алдымен саралап алу керек, – дейді бір шаңырақ астында үш келінді үкілеп отырған ардақты ана Үрлайым Жанахметқызы:
– Ауыздан шыққаннның бәрі – насихат. Санаға сіңіп кете барады. Әзілдейміз деп опық жеп қалмайық. Ене мен келіннің сыйластығы, отбасы құндылығы – баланың ойыны болмаса керек-ті. Ойнаймын деп от басып жатқан аз ба, бұл қоғамда. Арзан әзілдің жетегінде кеткеннен сақтасын. Ұлттың болашағын, отбасы татулығын ойлаймын десе, «Біздің көшенің тұрғындары», «Жаңа қоныс» секілді шығарылымдар түсірсін. Көше тұрғынының ынтымағы, қаланы шарлап, пәтерден-пәтерге көшіп, соңында берекені туған ауылынан тапқан қазақ отбасының тіршілігін көрсетсін. Міне, ұлттық тәрбиенің өзегі, – дейді.
Қазақтың қазақылығы – табалдырығында. Ол таза болсын десеңіз – ұрпағыңызды түзеңіз. Ұрпағыңыз – ақылды, парасатты болсын десеңіз – анаңызды сыйлаңыз. Бүгінгі қыз – ертеңгі келін. Ал, келін – болашақ ұлттың анасы. Қорыта келгенде, қойыртпақ шоуға емес, елдің алдында жүрген ақ жаулықты аналарға қарап бой түзейік, олардан үлгі-өнеге алайық. Әдетіміз – сыйластық, әдебіміз – құрмет, мақсатымыз – жақсы азамат тәрбиелеу болсын.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».