» » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жылу беру маусымы басталғалы тұрғын үйлерде тұрмыстық өрт қаупі туындауда. Оның себебі жылыту құралдарын және пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу салдарынан болып отыр. Осыған дейін өртті болдырмау, өрт қауіпсіздігін сақтау, өрт тілсіз жау екені жөнінде аз айтылып жүрген жоқ. Осыған орай, өткен аптада аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде баспасөз брифингі өтті. Оған бөлім бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Өмірбек Сақтабаев қатысып, 11 айдағы атқарылған жұмыстарға есеп берді.
Жыл басынан бері аудан көлемінде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кезінде профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, үнпарақтар таратылған. Мақсат – тұрғын үйлерде орын алатын өрттің алдын алып, қауіп-қатер мен адамдардың көмірқышқыл газынан улану секілді төтенше жағдайлардың санын азайту. Үй аралау барысында қызметкерлер тұрғындармен тікелей қарым-қатынас орнатып, жылыту пештерінің жағдайын қарап, түсіндірме жұмысын жүргізген. Бұл туралы бөлім бастығы брифингте мәлім етті.
– Биыл өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары жөнінде бірқатар жұмыс жүргізілді. Рейд ұйымдастырылып, тұрғын үй, нысандар араланды. Алайда әлі де болса өрт қауіпсіздігін сақтамау, тұрғын үйлерде өрт оқиғаларының орын алуы азаймауда. Мәселен, қаңтар-қараша айларында ауданда 27 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1 өртке көп. Автокөліктегі өрт оқиғасы – 6. Былтыр 3 оқиға тіркелген. Бір қуанатынымыз, адам шығыны мен жарақат алу фактілері тіркелген жоқ. Әлі де әдейі өртеу, өздігінен жану, газдың ақауынан улану, баланың отпен ойнауы, темекінің тұқылынан тұтану, электр жабдықтары мен қондырғыларынан өрттің туындауы секілді оқиғалар орын алып келеді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған азаматтарға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынады, – деді ол брифингте.
Брифингте Өмірбек Сақтабаев өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті. Ол әсіресе тұрғын сектордағы өрттердің алдын алу шараларын күшейту, әрбір үйді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ улы газ датчиктерін орнатуды кеңінен енгізу қажеттігін айтты. Қазіргі таңда «Газ баллон» акциясы жүріп жатқанын да жеткізді. Бұл акцияның басты мақсаты – газ баллонды пайдалану кезіндегі құқықбұзушылықтардың және апаттық жағдайлардың алдын алу. Шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, оның ішінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының 1074-тармағына ерекше назар аударылады. Аталған тармаққа сәйкес газ баллон орнатылған автокөліктерді қоса салынған немесе жапсарлас өзге мақсаттағы үйжайларда, жабық түрдегі паркингтер мен автотұрақтарда, жер деңгейінен төмен орналасқан үй-жайларда және тұрақтарда орналастыруға қатаң тыйым салынады. Осы талаптардың бұзылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, сондықтан шара барысында нормалардың сақталуына бақылау күшейтіледі.
Сонымен қатар, брифинг барысында бөлім басшысы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жадынамалар, үнпарақтар мен билбордтар шығару арқылы халық арасында өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыру жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
02 желтоқсан 2025 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 994
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 671

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031