» » Алдын алған қапы қалмайды

Алдын алған қапы қалмайды

Ызғырық желін сүйретіп, қоңыр күз де келіп жетті. Жаздың аптап ыстықтарынан кейін күннің бірден салқындап кетуі тұрғындарды тоңдырып-ақ бастады. Күздің мұндай ызғарлы күніне әлі ерте десек те, табиғат өз дегенін жасайды емес пе? Осы бетінен айнымаса бір-екі аптада жылу беру маусымы ерте басталып кетуі әбден мүмкін.

Жалпы ауданда жылу беру маусымына дайындық аясында 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығы «Өрт қауіпсіздігі айлығы» болып жарияланған еді. Осыған орай жуырда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Өмірбек Сақтабаев БАҚ өкілдерінің қатысуымен жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау және оның алдын алу тақырыбында брифинг өткізді. Онда жылу беру маусымына дайындық жоспары бекітіліп, бүгінде қызу жұмыстар жүріп жатқаны айтылды.

– Тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан, отпен абайсыз болуынан өрт пайда болып жатады. Жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығын» өткізу барысында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, №10 өрт сөндіру бөлімі, Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімі және аудандық Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, халық арасында балаларды қараусыз қалдырмау, тұрмастағы газ, электр және жылыту қондырғыларын, жылыту пештерін қолдану, мұржаларын тазарту жөнінде үнпарақтар таратып, үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жылу беру маусымында ауданның өртке қарсы гарнизонының қызметкерлерімен үгіттеу-түсіндіру жұмыстары кезінде 7762 тұрғын үйдің 30443 тұрғынына түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оның ішінде әлеуметтік осал топтарына жататын 275 отбасының тізімі нақтыланып, 200 дана көмірқышқыл газының алдын алу датчигі орнатылды, – деген бөлім бастығы, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Одан бөлек, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

Осы орайда айта кеткен жөн, жылу беру маусымындағы оқиғалардың басым көпшілігі қарапайым өрт қауіпсіздігінің сақталмауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән берілмеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан туындап отыр. Өрттің туындауына жол бермеу мақсатында аудан тұрғындарын жылу беру маусымында сақтық шараларын күшейтуге шақырамыз.

«Қт» ақпарат
12 қыркүйек 2023 ж. 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031