» » АНТИБИОТИКТЕРДІ ДҰРЫС ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

АНТИБИОТИКТЕРДІ ДҰРЫС ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Қазіргі таңда адамзат денсаулығына төнген ең өзекті қауіптердің бірі – антимикробтық препараттарға төзімділіктің артуы. Антимикробтық препараттар – бактериялар, вирустар және паразиттер туындайтын жұқпалы ауруларды емдейтін дәрілер. Алайда бұл препараттарды орынсыз және шамадан тыс қолдану нәтижесінде көптеген микроорганизмдерге төзімді бола бастады. Қазіргі таңда кейбір аурулар (пневмония, туберкулез, тағы басқа) емге көнбей, өлім-жітім қаупін арттыруда.
Антимикробтық төзімділіктің негізгі себептері мыналар:
– антибиотиктерді дәрігердің нұсқауынсыз қабылдау;
– дәріні дұрыс дозада және толық курс бойынша қабылдамау;
– инфекциялардың алдын алу мен бақылау шараларының жеткіліксіздігі;
– төмен санитарлық жағдайлар және гигиенаның сақталмауы;
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, жыл сайын шамамен 5 миллион адам антибиотиктерге төзімді инфекциялардан көз жұмады. Қазақстанда да бұл мәселе өзекті. Соңғы жылдары антибиотиктерді бақылаусыз сату және халықтың өз бетінше емделуі төзімділік деңгейін арттырып отыр.
Төмендету және алдын алу шаралары:
– Антибиотиктерді тек дәрігердің нұсқаулығымен пайдалану;
– Емдеу курсын толық аяқтау;
Қоғамда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту;
– Инфекциялардың алдын алу (вакцинация, қол жуу, тазалық сақтау);
Сондықтан әр адам антибиотиктерді саналы түрде пайдаланып, өз денсаулығы мен қоғам денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Сәуле САЙМБЕТОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы
23 қараша 2025 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 711

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031