Құрылтай
» » ДДСҰ пандемия кезінде антибиотиктерді қолдану қаупі туралы ескертті

ДДСҰ пандемия кезінде антибиотиктерді қолдану қаупі туралы ескертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясы кезінде препараттарды дұрыс пайдаланбау салдарынан антибиотикке төзімділіктің күрт өсуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы ДДСҰ-ның Еуропа аймағы бойынша жүргізген зерттеуінде жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
коронавирус"Адамдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің антибиотиктерді ұзақ уақыт қолдануы проблемасын COVID-19 пандемиясы күшейтеді... Антибиотиктер COVID-19 сияқты инфекцияларды емдемейтініне немесе алдын алмайтынына қарамастан, еуропалық аймақтың тоғыз елі мен аймағында жүргізілген адамдардың мінез-құлқын зерттеу нәтижелері пандемия кезінде антибиотиктерді қолдану жаңа жағдайлардың санымен бірге өскенін көрсетеді", - делінген ДДСҰ Еуропалық бюросының хабарламасында.
Зерттеулерге сәйкес, антибиотиктерді қабылдағандардың 79-96 пайызы COVID-19-ды жұқтырмаған, бірақ оны вирус жұқпауы үшін ішкен.
Ауруханаға түскендердің ішінде пациенттердің тек 15 пайызы антибиотиктерге мұқтаж болды, өйткені оларда бактериялық инфекциялар анықталды, бірақ дәрі-дәрмектер жұқтырғандардың 75 пайызына берілді.
Атап айтқанда, цефалоспорин класындағы антибиотиктердің үшінші буыны жақын арада тиімділігін жоғалтуы мүмкін, өйткені Еуропаның бірқатар медициналық мекемелері COVID-19 пандемиясының басында вирусты осындай препараттармен емдеуге тырысқан.
19 қараша 2020 ж. 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 676
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 127

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31