» » ДДСҰ басшысы: «Әлемдегі пандемия жағдайы нашарлап барады»

ДДСҰ басшысы: «Әлемдегі пандемия жағдайы нашарлап барады»


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус коронавирустың әлемде таралуына байланысты жағдай нашарлап жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды NewsRoom.



«ДДСҰ 7 миллионға жуық COVID-19 оқиғасы және 400 мыңға жуық өлім туралы хабарлады. Еуропадағы жағдай жақсарғанымен, әлемде ол нашарлап жатыр. Өткен 10 күннің 9-ында 100 мыңнан астам COVID-19 тіркелді. Кеше 136 мыңнан астам оқиға туралы хабарлаған едік», – деді Гебрейесус.

Оның айтуынша, 136 мың жағдайдың 75 пайызы 10 елге, негізінен Америка мен Оңтүстік Азия елдеріне тиесілі.

«Африкалық аймақтың көптеген елі COVID-19 оқиғаларының өсуін әлі күнге дейін атап өтіп жатыр. Бұл осы аймақтағы елдердің көпшілігінде 1000-нан аз жағдай тіркелгеніне қарамастан. Сондай-ақ, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның кейбір бөліктерінде көбейіп жатқандығын байқап отрмыз», – деді Гебрейесус.

Оның айтуынша, бірқатар елде жұқтырудың төмендеуінде оң сигналдар байқалады.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 6 931 000-ға жетті, 400 857 адам көз жұмды. Бір күнде әлемде 136 405 жаңа инфекция жағдайы анықталды.
09 маусым 2020 ж. 1 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 167

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930