Жедел ішек инфекциясы туралы не білеміз?
Аурудың негізгі себептері
Жедел ішек инфекциясының қоздырғыштары болып мыналар табылады: бактериялар: сальмонелла, шигелла, эшерихия коли, холера вибрионы; вирустар: ротавирус, норовирус және астровирус; паразиттер: амёба, лямблия және басқа да қарапайымдылар.
Инфекцияның таралуына мына факторлар әсер етеді:сапасыз немесе қайнатылмаған суды пайдалану санитариялық талаптарды сақтамай дайындалған немесе сақталған тағамды тұтыну; жеке гигиена ережелерініңс ақталмауы; ауру адаммен немесе оның пайдаланған заттарымен тікелей байланыс.
Клиникалық белгілері: Аурудың алғашқы белгілері әдетте инфекция жұққаннан кейін 6-48 сағат ішінде пайда болады. Негізгі симптомдары мыналар: жүрек айну, құсу; жиі және сұйық іш өту; іштің түйілуі, ауырсыну сезімі; дене қызуының көтерілуі; жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, сусыздану белгілері (ауздың құрғауы, бас айналу).
Алдын алу шаралары.Жедел ішек инфекциясының алдын алу үшін келесі санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау қажет: тамақ алдында және дәретханадан кейін қолды мұқият жуу; тек таза, қайнатылған немесе сүзілген суды пайдалану; тағам өнімдерін дұрыс сақтау және жеткілікті термиялық өңдеу; балаларға шикі сүт пен жуылмаған жеміс-жидек бермеу; қоғамдық тамақтану орындарында санитариялық нормалардың сақталуын қадағалау.
Емдеу тәсілдері: Жедел ішек инфекциясының белгілері байқалған жағдайда өздігінен емделмей, медициналық көмекке жүгіну қажет. Емдеу барысында келесі шаралар қолданылады: ағзаның сусыздануының алдын алу мақсатында сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау; дәрігердің тағайындауы бойынша сорбенттер мен бактерияға қарсы дәрілік препараттарды қолдану; қатаң гигиеналық режимді сақтау.
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы
бойынша филиалының Қармақшы
аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және
паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертхана дәрігері
Әлменбетова Жансая Әлменбетқызы
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы
бойынша филиалының Қармақшы
аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және
паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертхана дәрігері
Әлменбетова Жансая Әлменбетқызы