Жедел ішек инфекцияларының алдын алу шаралары
Жедел ішек инфекциялары (бұдан әрі – ЖІИ) – әртүрлі бактериялар, вирустар немесе қарапайым паразиттер тудыратын және интоксикациямен, іштің ауыруымен, іштің өтуімен және құсумен жүретін асқазан-ішек жолдарының аурулары. Мұндай инфекцияларға: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, тырысқақ, иерсиниоз, тағамдық токсикалық инфекция және вирустық диарея (ротавирустық және норовирусты инфекциялар) жатады. Көбінесе 2-6 жас аралығындағы балалар аурады. Аурулар жыл бойы, бірақ көбінесе көктем мен жазда тіркеледі. Көкөністерді, жемістерді және басқа да тағамдарды тұтынудың көбеюіне байланысты аурушаңдық өсуде, кейде оларды жууды ұмытып кетеді немесе жеткілікті түрде жуылмайды. Жазда адамдар әртүрлі сусындар мен қайнатылмаған суды жиі ішеді, шомылу және жағажай маусымы ашылады. Инфекцияның су қоймаларындағы ластанған су арқылы берілуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн.
Жазда ауа температурасының жоғарлауына байланысты әртүрлі тағам өнімдердің бұзылу қаупі артады. ЖІИ-мен ауыратын адамдардың инфекциясы ауру қоздырғышы адам ағзасына ауыз арқылы түскенде, атап айтқанда, жұқпалы қоздырғыштары бар тамақ өнімдерін қабылдағанда, белгісіз су көздерінен алынған және дезинфекциялауға немесе қайнатуға ұшырамаған суды ішкенде болады. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағамдарды немесе тоңазытқышта ұзақ уақыт сақталмаған тез бұзылатын тағамдарды жеуге болмайды.
Балалар өмірінің алғашқы екі жылында жиі ауырады, жіті ішек инфекцияларының пайда болуының негізгі себебі – аналардың балаларды күту кезінде жеке гигиенаны сақтамауы, дайындау технологиясын бұза отырып, үйде дайындалған өнімдерді тұтынуы және тағамдардың, сондай-ақ жуылмаған көкөністер мен жемістердің сақтау ережелерінің бұзылуы.
Жазғы маусымның басталуына және жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың жоғарылауына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мыналарды ұсынады:
1) дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында және тамақ дайындау алдында қолды сабынмен үнемі және мұқият жуу. Бұл қолмен жанасу арқылы инфекцияның берілу қаупін азайтуға көмектеседі;
2) тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішу. Белгісіз су көздерінен, әсіресе санитариялық жағдайы нашар аймақтарда ауыз су ішуден аулақ болыңыз;
3) тағамды дұрыс пісіру, оны мұқият термиялық өңдеуден өткізу. Шикі немесе шала пісірілген тағамды жеуге болмайды;
4) бактериялардың көбеюіне жол бермеу үшін тағамды тоңазытқышта төмен температурада сақтау қажет. Сақтау кезінде дайындалған және шикі тауар көршілестігін қадағалау керек. Пісірілген және шикі тағам үшін бөлек тақталар мен пышақтарды пайдаланыңыз. Тез бұзылатын өнімдердің жарамдылық мерзімін қадағалау керек;
5) ластанған су айдындарында, судың ластануына әкеп соғуы мүмкін анықталмаған аумақтарда шомылуға жол бермеу. Жүзу кезінде ауызға суды жібермеңіз.
Жедел ішек инфекциясының белгілері немесе симптомдары байқалғанда (нәжіс, құсу, дене қызуының көтерілуі, іштің ауыруы) өзін-өзі емдеумен айналыспай дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Ш.Шайманова,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама
орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда
облысы бойынша филиалының Қармақшы
аудандық бөлімшесінің бактериологиялық-паразитологиялық зерттеулер
зертханасының зертханашысы