» » Туберкулезге шалдыққандар саны азайды

Туберкулезге шалдыққандар саны азайды

Соңғы 5 жылда елімізде туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші екі есе төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Соңғы 5 жылда елімізде туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші екі есе төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі туберкулез жөніндегі кеңесінің саяси декларациясына қосылған және 2035 жылға қарай эпидемия ретінде туберкулезді жоюға бағытталған END TB стратегиясын іске асыратын ел ретінде өз міндеттемелерін орындайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің тиімділігі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады. Сонымен қатар туберкулез алғаш анықталған науқастардың арасында ол 88,2%-ды (ДДҰ стандарты – кемінде 85%) және дәріге көнбейтін туберкулезбен 80,2%-ды (ДДҰ стандарты – 2025 жылға қарай 80% дейін) құрады.

Соңғы 5 жылдың ішінде елімізде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайда елеулі оң өзгерістер байқалады. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2018 жылы 81,7-ден 2022 жылы 100 мың халыққа шаққанда 36,5-ке дейін төмендеді. Бұл 55,3%-ды құрайды. Ал өлім-жітім-2018 жылы 7,4-тен 2022 жылы 1,6-ға дейін төмендеді, бұл 78,4%-ды құрайды. 2023 жылдың 8 айындағы көрсеткіштерді талдау кезінде туберкулезбен сырқаттанушылықтың 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеуі байқалады. 100 мың халыққа шаққанда 35,6-ны құрайды, сондай-ақ өлім-жітімнің 20%-ға төмендеуі байқалады. Бұл 100 мың халыққа шаққанда 1,2-ді құрайды, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұл факт ҚР бойынша эпидемиологиялық жағдайдың көпжылдық тұрақтанғанын көрсетеді. Көптеген дәріге көнбейтін туберкулезді емдеу мерзімі қысқарады.

ДДҰ қысқа мерзімді емдеуді, яғни 24 айдың орнына 9-12 айлық емдеу курсын ұсынады. Туберкулезге қарсы жаңа тиімді препараттар (бедаквилин, деламанид) дәріге көнбейтін КДК TБ және TБ емдеуде қолданылады. Препараттарды амбулаториялық қабылдау кезінде ұялы телефондар, планшеттер және мобилдік қосымшалар (бейнебақыланатын емдеу) арқылы аурудың ағымын бақылаудың жаңа технологиялары қолданылады. ҚР заңнамасына сәйкес туберкулезбен ауыратын пациенттерге психикалық-әлеуметтік қолдау көрсетіледі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша амбулаториялық ем алатын пациенттердің 95%-дан астамы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды.
08 қыркүйек 2023 ж. 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 285

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930