Құрылтай
» » Елімізде қандай мамандықтарда грант саны көбейеді?

Елімізде қандай мамандықтарда грант саны көбейеді?

Қазақстанда медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиена мамандарын даярлау факультеттерінде оқу грантының саны көбейеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

грант

"Қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиология қызметі мамандарының санын арттыру мақсатында шаралар қабылданып жатыр. Осының негізінде 2021 жылдың қаңтарынан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізетін мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жалақасы аудан деңгейінде 70%, облыс деңгейінде 40%-ға көтерілді", – деді Алексей Цой. 
Министрдің айтуынша, 2021-2022 оқу жылынан бастап жоғарғы оқу орындарында санитарлық-гигиена мамандары жаңа "Қоғамдық денсаулық" оқу стандарты бойынша оқытылады. Сонымен қатар "Медициналық профилактикалық іс" факультетінің бакалавриатының 150 орын, магистратураға 50 орын бөлінген. 
"Биылғы жылы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-гигиена мамандарын оқыту мерзімін "Қоғамдық денсаулық" бағдарламасына сәйкес 4 жылдан 5 жылға ұзарту мәселесі қаралды. Сонымен қатар жоғары оқу орындарына жыл сайын бөлінетін грант санын көбейтіп, 2025 жылға қарай 400 орынға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында маман тапшылығын азайтуға көмектеседі", – деп түсіндірді Алексей Цой.
11 қазан 2021 ж. 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 445
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031