Құрылтай
» » Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тағайындалды

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 
Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы "Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

16 қыркүйек 2020 ж. 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 632
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 092

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31