» » Пандемия кезінде Қазақстанда қандай жаңа мамандықтар пайда болды?

Пандемия кезінде Қазақстанда қандай жаңа мамандықтар пайда болды?

Коронавирус пандемиясы кезінде медицина саласында жаңа кадрлар пайда болды. Бұл жаңашылдықтар медициналық кадрларды даярлауға түзетулер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі. 



ҚР денсаулық сақтау министрлігі атап айтқанда келесі пәндер бойынша биологиялық қауіпсіздік тақырыптарын күшейтті:
- балалардың жұқпалы аурулары;
- жалпы гигиена;
- жалпы эпидемиология;
- клиникалық эпидемиология;
- жұқпалы аурулар;
- жедел шұғыл медициналық көмек; ішкі аурулар; балалар аурулары; пульмонология.
Интерндер мен резиденттер үшін эпидемиология, патогенез, клиника, диагностика, дифференциалды диагностика және коронавирус инфекциясын емдеу бойынша қосымша семинарлар мен дәрістер өткізілді, оның ішінде ҚР ДСМ клиникалық хаттамаларымен танысу және вебинарларға қатысу болды.
Оқытудың барлық деңгейлерінде пәндердің санитарлық-гигиеналық компоненті күшейтілді, сондай-ақ резидентура деңгейіндегі білім беру бағдарламалары өзектендірілді.
"Эпидемиология", "Гигиена" мамандықтары бойынша бейіндік магистратура бағдарламалары қосымша әзірленді. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап КВИ пандемиясына байланысты мәселелер бойынша 60 мыңнан астам медицина қызметкерлері үшін қысқа мерзімді курстар өткізілді. Республикалық бюджет шеңберінде 15 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды, оның ішінде 8 мыңнан астамы инфекциялық аурулар эпидемиологиясы және биоқауіпсіздік, инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және тиімді емдеу курстары бойынша оқытылды.
Қайта даярлау қорытындысы бойынша резервті 150 эпидемиолог, 100 инфекционист және 165 жедел шұғыл медициналық көмек дәрігері толықтырады. Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен маманданулар номенклатурасына жаңа мамандықтар енгізілді: "кинезотерапия", "эрготерапия", "ядролық медицина", "гериатрия". Алайда, бұл мамандықтарды енгізу уақыт ағымының талабы екенін атап өткен жөн. Бұл шешім COVID-19 пандемиясының басталуына дейін жоспарланған болатын.
11 наурыз 2021 ж. 738 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031