» » АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН СПОРТ – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕГІ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН СПОРТ – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕГІ

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен кезекті мәжілісте биылғы жылғы егін жинау науқанының қорытындысы туралы, спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау туралы мәселелер қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме, кәсіпорын басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров егін шаруашылығын дамыту мен суды үнемдеу технологияларын қолданысқа енгізу бағытында жоспарларын мәлімдеді. Осыған сәйкес аудан әкімі суды тиімді әрі уақытылы жеткізу – егін шаруашылығындағы ең басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Суды аз қажет ететін егіс көлемін ұлғайту және суды үнемдеу технологияларын қолданысқа енгізу бағытында нақты шараларды қабылдауды, алдағы егін егу маусымына дайындық жұмыстарын пысықтауды, ауыл, орман және балық шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша нақты шараларды жүргізуді жүктеді.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Ғалым Ержанов ауданда спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау бағытында жоспарларын атап өтті. Бұл бағыттағы мәселе бойынша аудан әкімі аудандағы спорт саласын дамыту бағытында тиісті шараларды қабылдауды, жастар мен жасөспірімдердің бұқаралық спортпен шұғылдануын арттыру мақсатында нақты жұмыстар жасауды, аудан спортшыларын қолдау бағытында жұмыстарды жандандырып, жастардың облыстық, республикалық және әлемдік сайыстарға қатысу деңгейін көтеруді тапсырды.
Жиын соңында аудан әкімі мәжілісте айтылған әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауда ұстауды жауапты тұлғаларға жүктеді.
«Қт» ақпарат
10 қараша 2025 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930