» » ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЫЛУ МАУСЫМЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЫЛУ МАУСЫМЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігінде кезекті мәжіліс өтіп, күн тәртібіндегі негізгі мәселелер айтылды. Мәжілісте ауыл шаруашылығы, мал азығы және әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындығы сынды өзекті бағыттар жан-жақты талқыланды.

Қазір егін жинау жұмыстары – негізгі назарда. Сондықтан мәжілісте алдымен егін жинау науқанының барысы қаралды. Аудан экономикасында ауыл шаруашылығы маңызды рөл атқаратынын атап өткен аудан әкімі:

«Егін жинау жұмыстары үнемі бақылауда болсын. Ауданның макроэкономикалық көрсеткіштері мен тұрғындардың әл-ауқаты тікелей егін шаруашылығына байланысты. Сондықтан күзгі өнімді уақытылы жинау – басты міндет», – деді.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаровтың айтуынша, аудан бойынша шаруашылықтар егін жинауға қажетті техникалармен толық қамтамасыз етілген. Егін жинау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Дегенмен аудан басшысы шаруашылықтармен күнделікті байланысты үзбей, мәселелер туындаған жағдайда жедел әрекет ету керектігін тапсырды.

Мал азығына қажетті жоңышқа мен табиғи шөппен қамтамасыз ету бойынша аудан орталығында жағдай тұрақты. Алайда, кейбір ауылдық округ тұрғындары тарапынан жоңышқа бағасы мен су ұңғымалары бойынша мәселелер көтерілуде. Аудан әкімі:
«Мал шаруашылығына тікелей әсер ететін бұл жұмыстарды кезек күттірмей шешу қажет. Су тоспасын сапалы қалпына келтіру үшін нақты шаралар ұйымдастырылсын», – деп тапсырма берді.

Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы мен халықты қатты отынмен қамтамасыз ету жұмыстары қатаң бақылауда. Жандос Еркінбек көмірге кезек туындамас үшін, бүгіннен бастап тиісті жұмыстарды жүргізіп, көмір жеткізуді ұйымдастыру қажет екенін баса айтты.

Мәжілісте күн тәртібіндегі және өзге де мәселелер толық қаралып, тиісті сала басшылары мен округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді. Аудан әкімі: «Барлық жұмыстар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс. Әр сала бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауда болады», – деп мәжілісті қорытындылады.

24 қыркүйек 2025 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 119

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 480

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930