» » АУДАН БАСШЫСЫ ЕГІН ЖИНАУ БАРЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ ЕГІН ЖИНАУ БАРЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек күзгі егін жинау жұмыстарының барысымен танысу мақсатында бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының күріш алқаптарын аралап, науқанның ұйымдастырылу деңгейіне назар аударды.

Аудан көлемінде бүгінгі күні 30 шаруашылық бойынша егін жинау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жалпы 12 993 гектар жерге егілген күріштің бүгінгі күнге дейін 3 957 гектары орылып, 2 301 гектары бастырылған. Орташа өнімділік 44,0 центнерді құрап, 10 124 тонна өнім алынды. Бір күнде орта есеппен 1 257 гектар күріш орылып, 354 гектар бастырылуда.

Аудан бойынша егін жинау жұмыстарына қажетті 1 710 тонна жеңілдетілген дизель отынының бүгінгі күнге дейін 664,5 тоннасы жеткізілді. Қалған 832,8 тонна отын егін жинау науқаны толық аяқталғанға дейін жеткізілуі жоспарланып отыр.

Егістік алқаптарды аралау барысында аудан әкімі шаруашылық басшылары мен сала мамандарына науқанды бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, дизель отынының уақтылы жеткізілу жұмыстарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударуды жүктеді.

20 қыркүйек 2025 ж. 70 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 485
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930