» » ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен кезекті мәжілісте 2025 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы туралы, спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау туралы мәселелері қаралды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме, кәсіпорын басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров егін шаруашылығын дамыту мен суды үнемдеу технологияларын қолданысқа енгізу бағытында жоспарларын мәлімдеді. Осыған сәйкес аудан әкімі суды тиімді әрі уақтылы жеткізу – егін шаруашылығындағы ең басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Суды аз қажет ететін егіс көлемін ұлғайту және суды үнемдеу технологияларын қолданысқа енгізу бағытында нақты шараларды қабылдауды, алдағы егін егу маусымына дайындық жұмыстарын пысықтауды, ауыл, орман және балық шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша нақты шараларды қабылдауды жүктеді.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Ғалым Ержанов ауданда спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау бағытында жоспарларын атап өтті. Бұл бағыттағы мәселе бойынша аудан әкімі аудандағы спорт саласын дамыту бағытында тиісті шараларды қабылдауды, жастар мен жасөспірімдердің бұқаралық спортпен шұғылдануын арттыру мақсатында нақты жұмыстар жасауды, аудан спортшыларын қолдау бағытында жұмыстарды жандандырып, жастардың облыстық, республикалық және әлемдік сайыстарға қатысу деңгейін көтеруді тапсырды.

Жиын соңында аудан әкімі мәжілісте айтылған әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауда ұстауды жауапты тұлғаларға жүктеді.

07 қараша 2025 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 374
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728