» » ТАЗАЛЫҚҚА ҮН ҚОСТЫ

ТАЗАЛЫҚҚА ҮН ҚОСТЫ

Жақында Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясының аудандағы филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Оған партияның мүшелері мен «Жастар қанатының» белсенділері қатысып, кенттегі «Жастар саябағын» тазалады.
Партияның аудандағы филиалының кеңесшісі Гүлзат Арыстанбекқызы «Таза бейсенбі» партиялық жобасы жаңа экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейтінін жеткізді.
Іс-шарада партия белсенділері біркісідей тазалыққа үн қосып, саябақтың ішін қоқыстан тазартты. Қураған шөптерді өртеп, қоқыс қалдықтарын қапқа жинап әкетті.
Акцияда аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Марат Асылов мұндай бастамалар тек бір реттік акция емес, күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар экологиялық мәселелерге қоғам назарын аударып, жастарды табиғатты қорғауға белсенді қатысуға шақырды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
01 қараша 2025 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30