» » "ТАЗА БЕЙСЕНБІ": ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСУДА

"ТАЗА БЕЙСЕНБІ": ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСУДА

Қызылорда өңірінде Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында "Таза бейсенбі" акциясы жалғасуда.

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық көпбейінді аурухананың аумағы тазартылды.

"Таза бейсенбі" акциясына қатысу – әрбір азаматтың табиғатты қорғауға қосқан үлесі. Партия мүшелері туған жерін таза әрі көрікті етуге атсалысып жатыр. Әрбір жиналған қоқыс, тазаланған аумақ – болашақ ұрпаққа қалдырар аманатымыз. Біз осындай іс-шаралар арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз деп сенемін", - деді партияның Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов.

Игі іске "Денсаулық" БПҰ мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар, жалпы 40-ға жуық азамат үлес қосты. Экологиялық акция барысында 100 метр жер аумағы тазартылып, 11 қап қоқыс жиналды.
09 қазан 2025 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930