» » ДАУЛАРДЫ СОТТАН ТЫС РЕТТЕУ – ТИІМДІ ТЕТІК

ДАУЛАРДЫ СОТТАН ТЫС РЕТТЕУ – ТИІМДІ ТЕТІК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы, сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие» деп халыққа арнаған Жолдауында айқын көрсетіп, сот шешімдерін мұқият талдау жұмыстарын жолға қою қажеттілігін айтты. Еліміздегі құқықтық тәжірибені әлемдік озық стандарттарға жеткізетін қолданыстағы бірқатар заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамалық актілер қабылданды.
Атап айтқанда, бұдан бірнеше жыл бұрын дауларды реттеудің соттан бөлек тетіктерін дамытып, жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексіне «Дауларды соттан тыс реттеу» атты жаңа тарау енгізілген. Дауды соттан тыс реттеу рәсімдері мәселені шешудегі оңтайлы, ұтымды әрі тиімді тәсілдердің бірі екендігі тәжірибе барысында өз дәлелін тауып келеді. Тараптар арасында туындаған түйткілдің түйінін бітімгершілікке келу арқылы оңай тарқатуға болады, осы орайда, ымыраға келуге бағытталған медиациялық келісімдер мен шарттар жасасу мүмкіндіктері қарастырылған. Дауды сотқа дейін реттеудің ерекшелігі – бұл даулы мәселені азаматтық істің кез келген уақытында бітімгершілік келісіммен аяқтау мүмкіндігінде. Медиацияның тағы бір артықшылығы – тараптарды кінәлі я болмаса кінәсіз деп бөліп-жармайды, тараптарға нұсқау беріп, жауапкершілік жүктемейді. Сондай-ақ сот шешімі орындалмай орта жолда қалмайды. Медиатордың негізгі талабы тараптарды ортақ ымыраға келтіріп, келісім бойынша ерікті түрде бітімгершілікке шақырады. Сонымен қатар, медиация рәсімі арқылы шешілетін даулар тараптардың уақыты мен қаражатын үнемдейді.
Г.АБУОВА,
аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы
19 қазан 2025 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 900
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 602

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930