» » Сот әдебінің өзектілігі мен маңыздылығы ерекше

Сот әдебінің өзектілігі мен маңыздылығы ерекше


Сот билігі – әділдік айнасы. Мұндай жетістікке жетуде сот-құқықтық реформалардың көмегі көп. Әсіресе, ел дамуында, мемлекеттің оң имиджін қалыптастыруда сот билігінің орны мен мәртебесі айрықшы рөл ойнады.

   Сот – мемлекет тірек еткен үш биліктің бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен айырмашылығы сот билігі тек заңға сүйеніп жұмысын жүргізеді. «Судья – сөйлейтін заң, Заң – сөйлемейтін судья» деген тәмсілдің төркіні осында. Елдегі азаматтар құқығы мен бостандығының сақталуына, әділдік пен теңдіктің салтанат құруына кепіл болған сот билігіне жүктелер міндет, артылар жауаптылық жоғары. Сондықтан, заңдардың сапасын жақсартумен бірге, осы заңдарды дұрыс тәпсірлеп, түзу қолдана алатын мықты судьялар корпусын қалыптастыру қай кезде де өзекті.                                                                                                                               
  Судьялыққа үміткер жандарға қойылатын талаптың жылдан жылға күшейтілуінің мәні мен маңызы да осында.
Қазақстандағы сот беделі мен судьялардың мәртебесі жоғары. Оның құқықтық тетігі «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңда толық дәйектелген. Аталған заңға сәйкес, судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз әрекет етеді әрі тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Бұл өз кезегінде сот төрелігі жүйесін дамытып, азаматтардың талаптары мен мүдделерін қорғаудың ерекше моделіне қол жеткізуге жол ашпақ. Әрбір сот отырысы – судьяның білімі мен кәсіби біліктілігін көрсетіп, сол арқылы сот билігінің туралығы мен тазалығынан хабар береді. Тараптардың көңілінен шыққан әрбір сот актісі – сот билігіне деген сенімнің негізі.
Сонымен қатар  «Сот кабинеті» қызметін отандық және шетелдік заңгерлер, ел тұрғындары жоғары бағалап отыр. Осы қызмет түрі арқылы сотқа өтініш, шағым және басқа құжаттарды тәулік бойы үйден шықпай-ақ жіберуге болады. Ол үшін компьютер, электронды сандық қолтаңба және интернет болса жеткілікті.Ал қызметті пайдаланушы өз ісі бойынша процестік мерзімді бақылап, шығарылған барлық сот актілерін кез келген уақытта көріп, басып шығара алады.
Бұған қосымша «Сот процесіне қатысушыларды СМС-хабарламалар және электронды пошта арқылы хабарландыру», «Сот құжаттарымен таныстыру», «Сот істерін қарау кестесі», «Сотқа шақыру» сияқты қызмет түрлерін бірегей 1401 нөмері арқылы Саll-орталығы ұсынады.
Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс IX сьезі сот жүйесін одан әрі жетілдіруге жаңа серпін берері анық. Ал бұл жиынға Мемлекет басшысының қатысуы сьездің маңызын одан бетер арттыра түседі.
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңының 4-бабында, мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi екені көрсетілген. Сол себепті құжат айналымын жүргізу кезінде бірінші орыс тілі емес мемлекеттік тіл қолданылуы керек, алайда бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білмеуіне байланысты орыс тіліне басымдық беріп отыратындар жетерлік. Азаматтық процестік заңнамаға сәйкес, сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Осыған орай, орыс тілінде сөйлеуді ыңғайлы көретіндер, тіпті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге атсалысуы тиіс деген мемлекеттік мекемелердің өздеріде процестік құжаттарды, талап қоюларды жазуда орыс тіліне басымдық беретіні жасырын емес. Тіл мәселесіне немқұрайлы қарайтынымыз соншалық, тіпті, орысша білмесе де, жүгінген заңгерінің орыс тілінде жазып берген талап қою арызын сотқа тапсырып, артынан сот процесінде орыс тілінде жазылған талабын түсіндіре алмай жататындар да кезігеді. Тіл - тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол-ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы мен міндеті.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне «Дауларды соттан тыс реттеу» атты жаңа тарау енгізілген. Сондай-ақ, осы мақсатта қолданысқа енгізілген «Төрелік туралы» заң дауларды соттан тыс шешу жүйесін дамытуға бағытталған. Соттарда қаралатын даулардың санын қысқарту, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу  қарастырылған . Яғни, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу тәртібіне , сотта тараптарды  татуластыру рәсіміне ерекше көңіл аударылған.
Бұл ретте Қармақшы аудандық сотында  сот төрелігін тәуелсіз, бейтарап және әділетті жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі қызмет атқарып, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға, халық ара­сындағы дауласу деңгейін азайтуға өз үлесін қосып келеді.
Осы ретте  Азаматтық істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып кетсек, 2024 жылдың 5 айында 339 талап қою түскен. Алдынғы жылмен салыстырғанда  талап қою көрсеткіші 74 –ке көбейген.
Банктік келісімшарттар бойынша  37 іс медиация тәртібімен қаралып, аяқталған.
Медиация – татулық пен тұтастықтың кепілі, тануласу – дауды шешудің ең тиімдң әдісі екендігін айтқым келеді. Татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі. Бабаларымыздан жеткен асыл құндылық – бітімгершіліктің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ізгі дәстүр екенін ұмытпай, туындаған дауды ушықтырмай барынша татуласып, бітіммен шешуге тырысқаны жөн деп санаймын.
Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Мыханов
27 маусым 2024 ж. 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 264

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 363

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930